Матч орталығы
Сейдахмет: арманым – мансабымды «Таразда» аяқтау
6 наурыз, 16:50

Фото: Еркебұлан Сейдахмет
«Ақтөбе» клубының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахмет YouTube-тағы «Футбол Жолы» арнасына берген сұхбатында мансабын туған командасында аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Арманым – мансабымды «Таразда» аяқтау. Ол жақтағы жанкүйерлер де клубтың чемпион болып, еурокубокта ойнағанын көрсе екен деймін.
Бұған дейін бір подкастта айтқан едім: «Таразға» Елдос Ахметовты бас бапкер етіп, ойнау үшін сол жақтан шыққан мен, Зайнутдинов, Шушеначев, Кенжебек, Исламхан, Жұмабек, Байтана, Қарамандар барсақ, Қазақстан чемпионы атануға болады. Жақсы екі-үш легионер алса, жаңағы айтқан футболшылармен чемпиондыққа таласу қолымыздан келеді», – деді Сейдахмет.
25 жастағы футболшы «Тараз» клубының қазіргі жағдайына да толқталды:
«Клубтың Бірінші лигада ойнап жатқаны өте өкінішті. Себебі «Тараздан» әрқашан талантты футболшылар шығады. Жақсы басшы келіп, демеушілер пайда болса, клуб еурокубокке таласа алады деген үмітім бар. «Ақтөбемен» чемпион болғаннан кейін «Таразға» көмектесуді ойлап отырмын. Сол жақтан шыққан бауырларымыз, ағаларымыз жиналып, клубты аяғына тұрғызып жіберсек, жанкүйерлер қуанып қалар еді».
Сейдахмет – Тараз футбол мектебінің түлегі. 2017 жылы «Тараз» сапында 15 матч өткізіп, кейін «Уфаға» ауысты.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 9 қыркүйек, 18:34
Қазақстан құрамасына үміткер футболшы «Вильярреалға» гол соқты: видео
1Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
55
2
54
3
45
4
42
5
38
6
32
7
31
8
31
9
29
10
26
11
23
12
23
13
22
14
22
15
20
16
20
Ернар Ламқадыров