Матч орталығы
Петропавлда 5 мың адамға арналған футбол манежі салынады
08.10.2025 19:09

Петропавлда 5 мың адамға арналған заманауи жабық футбол манежі салынады. ASnews.kz хабарлауынша, спорттық нысан «Береке» шағын ауданында салынады.
Құрылыс жобасына Forbes Kazakhstan журналындағы ең ықпалды 50 бизнесмен тізімінде 32-орынға ие болған Сергей Кан бастамашы болған.
Меценат сонымен қатар аймақтың түкпір-түкпірінен келген ұлдар мен қыздар футболмен айналыса алатын футбол академиясын салуды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Петропавлда Қазақстан футбол федерациясының ALAÑ бағдарламасы аясында «Жеңіс» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі футбол алаңы жаңартылған болатын.
2025 жылдың қаңтарында Петропавлдағы жалғыз жабық футбол манежін өрт толығымен шарпыған болатын; нысанның тек қаңқасы ғана қалған.
Әлім Динасылов