Матч орталығы
«Жеңістің» экс-ойыншысы – Қазақстандағы футбол жайлы: ол жақта ойын физикалық күшке негізделген
18.09.2025 08:49

Фото: Жоао Оливейра
«Жеңістің» бұрынғы ойыншысы Жоао Оливейра ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан пен Португалия футболының айырмашылығы туралы айтып берді.
«Менің ойымша, Португалиядағы футбол техника және тактикаға, ал Қазақстандағы ойын физикалық күшке негізделген. Әрине, мұнда да техникасы мықты ойыншылар мен жақсы жаттықтырушылар бар», – деді Оливейра. – Бірақ Португалияның топ-клубтарын Қазақстанның жетекші командаларымен салыстыратын болсақ, айырмашылық байқалады, ең алдымен техника тұрғысынан».
Жартылай қорғаушы ҚПЛ-ға бейімделу қиын емес екенін айтты:
«Бұл мен үшін қиындық тудырмады, өйткені мен бұрын Польшада ойнадым, онда да футбол физикаға негізделген. Бұл стиль маған сәйкес келеді», – деді Оливейра.
Жоао 2024 жылғы маусымда «Жеңіс» сапында өнер көрсетті. Ол бұған дейін Португалия мен Польша клубтарында ойнаған.
Бұған дейін футболшы «Қайрат» пен «Спортинг» арасындағы матч туралы пікірімен бөліскен болатын.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов