Матч орталығы
«Қайсар» U-16 ойыншысы матч кезінде инсультке ұшырады
17.09.2025 22:17

Фото: Қайсар ФК
13 қыркүйек күні «Атырау» мен «Қайсар» арасындағы QJL U-16 жасөспірімдер лигасының матчында қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қонақ команданың 2010 жылы туған ойыншыларының бірі кенеттен жерге құлап түсті. Өз бетімен тұруға тырысқанымен, жедел-жәрдемнің көмегіне мұқтаж болды.
Ойыншы тез арада ауруханаға жеткізіліп, оған инсульт деген диагноз қойылды. Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, 15 жастағы футболшы жартылай сал ауруына шалдыққан – денесінің бір жағы істемей қалған.
«Қайсар» ФК басшылығы бірден Атырауға ұшып, жас спортшы мен оның отбасына барлық қажетті көмекті көрсетуде.
Әлім Динасылов