Матч орталығы
«Селтик» шабуылшысы – ЧЛ-нан ұшқаны жайлы: бұл біз үшін апатты жағдай
27.08.2025 15:29

Фото: Беньямин Нюгрен
«Селтиктің» швециялық шабуылшысы Беньямин Нюгрен BorodAbata.kz (AS News) тілшісі Әлім Динасыловқа берген сұхбатында Чемпиондар лигасының плей-офф раундында «Қайраттан» жеңілгеніне қатысты пікір білдірді.
«Менің қатты көңілім қалды. Тіпті не айтарымды да білмеймін. Алаң да ойынға әсер етті, мұндағы футбол нашар сапада өтті. Бірақ мен бар кінәні шөпке жапқым келмейді – тіпті мұндай жағдайда да өзімізді жақсырақ көрсетуіміз керек еді. Бұл барлығы үшін, соның ішінде ойыншылар үшін апатты жағдай. Менің армандарым жай ғана кері қарай кетті», – деді Нюгрен.
Швед футболшысының пікірінше, «Селтик» екі ойында да өз деңгейінен төмен ойнаған:
«Жалпы, текетірестің нәтижесі Глазгода шешілуі керек еді. Біз екі нашар матч өткіздік, жалпы кезеңге өту үшін екі рет жақсы ойнау керек. Бүгін «Қайрат» көп қорғанды, бұл нәтижесін берді.
Форвард сонымен қатар команда алдағы дербиге дайындалатынын атап өтті:
«Бізді жексенбі күні «Рейнджерспен» өте маңызды матч күтіп тұр. Концентрацияны толықтай сол ойынға аударып, әлдеқайда күштірек ойнау керек».
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов