Матч орталығы
Огай – «Слован» ойыншысының қызыл қағазы туралы: төреші дұрыс шешім қабылдады
09.08.2025 15:38

Фото: Дмитрий Огай
Қазақстандық бапкер әрі сарапшы Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайратқа» (1:0) қарсы матчта «Слован» ойыншысының қызыл қағаз алуына қатысты пікір білдірді.
«Осы сәт туралы объективті пікір айту қиын, бірақ шешімді төреші қабылдады. Менің ойымша, ол жерде қызыл қағаз дұрыс көрсетілді – Громыко айып алаңына енді ғана кіріп келе жатқан еді, ал оның қандай жақсы соққысы бар екенін бәріміз білеміз. Доп дәл алаң ортасында, соққы жасайтын позицияда болды, тура сол сәтте ойыншы ереже бұзып, екінші сары қағазын алды.
Громыкоға соққы жасауға мүмкіндік етілсе, эпизодтың қалай аяқталатыны белгісіз», – деді Огай.
Еске салайық, қарымта кездесу 12 тамызда Братиславада өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов