Матч орталығы
Огай – Сәтпаевтың пенальтиі жайлы: мықты және өзіне сенімді екен
09.08.2025 10:30

Фото: Дмитрий Огай
Қазақстандық сарапшы әрі бапкер Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Слован Братиславаға» қарсы ойында (1:0) «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың пенальтиді орындауына қатысты пікір білдірді.
«Осындай маңызды матчта оның тайсалмай, 0:0 есебі кезінде сенімді соққы жасағаны – ақыл-ойының мықты екенін және мінезінің бар екенін көрсетті. Осындай жаста мұншалықты сенімді болу деген... Ойын алдында пенальтиді кімнің орындайтыны талқыланған. Оны матч барысында шешкен жоқ.
Біз Сәтпаевқа алғыс айтуымыз керек: мұндай матчта сенімді түрде барып, соққы жасау тамаша көрсеткіш. Ол мақтауға лайық. Бұл ең алдымен оның өз-өзімен жұмыс жасағанын, футболға деген көзқарасын көрсетіп, нақтылап берді. Ол өзін көрсетуді жалғастыруда. Бізде осындай таланттың өсіп келе жатқанына қуаныштымын», - деді Огай.
Алғашқы кездесу Алматыда өтіп, «Қайраттың» 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қарымта матч 12 тамызда Братиславада өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов