Матч орталығы
Огай – «Қайрат» – «Слован» матчы туралы: екінші гол соғылған сәтте фол болды
08.08.2025 17:32

Фото: «Қайрат» – «Слован»
Танымал қазақстандық бапкер әрі сарапшы Дмитрий Огай BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен «Слован Братислава» арасындағы алғашқы ойынға (1:0) баға берді.
«Тіпті матч алдында менде жақсы үміт пен керемет көңіл-күй болды – «Қайрат» қазір жақсы формада. ҚПЛ-да да, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде де сенімді ойын көрсетуде, сондықтан оптимисттік көзқарас болды.
Алғашқы 8-10 минутта «Қайрат» толық басымдық танытты, тіпті жылдам гол соғуы мүмкін еді. Содан кейін ойын теңесті. «Слован» – жақсы ойыншылардан жасақталған, ұйымдасқан команда. Мүмкін олар әлі бабында емес шығар, себебі Словакияда маусым енді ғана басталып жатыр. Вайсс ойын алдында бір-екі апта дайындық керек екенін айтты.
Ойын теңескеннен кейін қауіпті сәттер болған жоқ. Бірақ қызыл қағаздың өз әсері болды: «Қайрат» қысымды күшейтті, пенальти орындады және екінші голын соқты. Бірақ екінші гол соқылған кезде фол болды деп ойлаймын.
Жалпы, «Қайрат» мықты, ұйымшыл команданы жеңді. «Слованның» деңгейін ескерсек, бұл тамаша нәтиже, дегенмен екінші гол одан да жақсырақ болатын еді», – деді Огай.
Командалар арасындағы қарымта кездесу 12 тамызда Братиславада өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов