Матч орталығы
Офри Арад – «Слованды» жеңгені туралы: бір механизм секілді ойнадық
07.08.2025 14:27

Фото: Офри Арад
«Қайраттың» израильдік қорғаушысы Офри Арад BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Слован Братислава» командасын жеңгені (1:0) туралы пікірімен бөлісіп, қарымта матч алдында команданың мүмкіндіктеріне баға берді.
«Біз бір механизм сияқты ойнадық. Матчқа қатысты өз жоспарымыз бар еді, ол туралы айта алмаймын, бірақ қарымта матчта бәрін көресіздер. Жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шығамыз деп үміттенемін. Бүгінгі жеңісте жанкүйерлер маңызды рөл атқарды. Дегенмен, бізде «Слованмен» тағы бір кездесу бар, ол жақта да бәрі ойдағыдай болады деп сенеміз»
Жартылай қорғаушы Братиславадағы атмосфера мүлдем басқаша болатынын, бірақ команда бәріне дайын екенін атап өтті:
«Әрине, Братиславада басқаша ойын болады. Олардың тамаша жанкүйерлері бар, атмосферасы жоғары деңгейде. Дегенмен, біз дайынбыз. Бұл біздің сырт алаңда өткізетін алғашқы ойынымыз емес. Дәл бүгінгідей бір механизм болып жұмыс істеуіміз керек. Жеңіске жетеміз деген сенімдемін», – деді Арад.
«Қайрат» Алматыда «Слован» командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта кездесу келесі аптада Братиславада өтеді.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов