Матч орталығы
Швейцариялық эксперт: «Янг Бойзбен» «Қайрат» емес, «Слован» ойнайды
07.08.2025 10:25

Фото: Тигран Барсегян және Луиш Мата
BBC тілшісі және «Базельдің» бұрынғы медиа-менеджері Крейг Кинг «Қайрат» пен «Янг Бойз» арасында болуы мүмкін матч туралы айтты. Алматылықтар Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалса, Еуропа лигасының плей-офф раундында швейцариялық клубқа қарсы ойнайды.
«Швейцариядағы жанкүйерлердің көпшілігі келесі кезеңге «Слован» өтеді деп ойлап отыр, бірақ біз Қазақстанда оң нәтижеге жетудің қаншалықты қиын екенін көріп отырмыз. Өз алаңындағы басымдықты ескерсек, «Қайраттың» келесі кезеңге өтетін мүмкіндігі бар. Жеке өз басым, Бернге «Қайрат» емес, «Слован» келеді деп ойлаймын.
Тарихы тереңде жатқандықтан және өткен жылы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнауына байланысты «Слован» фаворит саналады, бірақ 2021 жылы «Қайраттың» «Базельге» қандай қиындық тудырғанын ұмытпайық (2:3, 2:4). Біздің команда жеңіске жеткенімен, алматылықтар біраз қиындық тудырды. Сондықтан интрига мен ойын сапасы жағынан «Қайраттың» «Янг Бойзбен» кездескені дұрыс болар еді», – деді сарапшы BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.
Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Дастан Сәтпаев соққан голдың арқасында «Слованды» жеңген болатын. Қарымта кездесу 12 тамызда Братиславада өтеді.
Бұған дейін алматылық «Қайраттың» шабуылшысы Жоржиньо «Слованмен» болған матчты қорытындылаған еді.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол