Матч орталығы
Владимир Вайсс – төрешінің жұмысы туралы: көп сәтте «Қайраттың» пайдасына шешім қабылданды
06.08.2025 23:12

Фото: Владимир Вайсс
«Слован Братислава» командасының көшбасшысы әрі капитаны Владимир Вайсс «Қайратпен» болған матчтан (0:1) кейін BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында төрешінің жұмысына қатысты пікірін білдірді және ойыннан алған эмоцияларымен бөлісті.
«Ол эпизодты қайта қарауым керек. Мен төрешіге барған едім – ол фол болды деп айтты. Біз шынымен де ол жерде тәртіп бұзылды деп ойламаймыз.
Соған қарамастан, кейбір сәттерде ашуланып қалсақ та, төрешінің шешімін құрметтеуіміз керек. Кейбір эпизодтар «Қайраттың» пайдасына шешілді. Мәселен, 85-минутта олардың оң жақ қорғаушысы біздің ойыншымызға қарсы ереже бұзды, біздің ойымызша, ол сол сәтте екінші сары қағазын алуы керек еді.
Бірақ, болары болды, нәтиже тарихта қалды. Біз жеңілдік. Енді қалыпқа келіп, матчты саралап, Братиславада «Қайратты» жеңу үшін барлығын жасау керек», – деді Вайсс.
Қарымта кездесу 12 тамызда Словакияда өтеді. Матчтың жеңімпазы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтеді, ал жеңілгені Конференция лигасының топтық кезеңіне шығуға мүмкіндік алады.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов