Матч орталығы
Үздік үштікте: Покатилов – Чемпиондар лигасында ең көп сейв жасаған қақпашылардың қатарында
22 қазан, 10:31

Фото: Стас Покатилов
«Сабах» қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасы үшінші турының қорытындысы бойынша ең көп сейв жасаған голкиперлердің алғашқы үштігіне кірді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстандық қақпашы «Боруссия Дортмундқа» қарсы матчта жеті, «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойында бес, «Славия Прагаға» қарсы матчта алты сейв жасады. Покатиловтың алдында 20 сейвпен Доминик Такач («Слован») және Ян Зоммер («Брюгге») тұр.

Покатилов «Боруссия Дортмундпен» болған ойында SofaScore порталының нұсқасы бойынша 8.0 ұпай алып, өз командасындағы үздік футболшылардың бірі болды.
«Сабах» Чемпиондар лигасындағы келесі ойынын сырт алаңда «Викингке» қарсы өткізеді (4 қараша).
Ернар Ламқадыров