Матч орталығы
«Жеңіс» клубының бұрынғы чехиялық легионері: қазақ футболы өз жолын табуы керек
23.07.2025 19:17

Фото: Лукаш Будинский
2024 жылы елордалық «Жеңіс» сапында өнер көрсеткен чехиялық жартылай қорғаушы Лукаш Будинский BorodAbata.kz порталына берген сұхбатында қазақстандық клубтардың Еуропамен терезесі тең дәрежеде бәсекелесу жолдары туралы ойымен бөлісті.
– Барлығына ортақ, әмбебап бір шешім жоқ. Әр клубтың өз жолы бар: бірі жас футболшыларды баптап шығарады, енді бірі дайын ойыншыларды сатып алады. Мүмкін, инфрақұрылымды жақсарту керек шығар – табиғи төсеніші бар алаңдар көптеп салынсын. Не болмаса, қазақстандық футболшылардың көбі Еуропаға барып, тәжірибе жинақтасын, – деді Будинский.
Чехиялық легионер ойын ары қарай жалғады:
– Бұл оңай сұрақ емес. Мысалы, «Астана» еурокубокта бәсекеге түсе алады, себебі құрамында легионерлер көп. Бұл әдіс те нәтиже береді, алайда ол бәріне бірдей әсер ете бермейді, – деді Будинский.
Лукаш Будинский 2024 жылы «Жеңіс» сапында 16 ойынға қатысып, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берген болатын.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов