Матч орталығы
«Аталанта», «Панатинаикос» және «Твенте»: «Қайрат» Конференция лигасындағы қарсыластарын білді
28 тамыз, 17:06

Фото: «Қайрат» ФК
Алматылық «Қайрат» 2026/27 жылғы маусымдағы УЕФА Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Монакода өткен жеребе қорытындысы бойынша Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері келесі клубтарға қарсы алты матч өткізеді:
«Аталанта» (Италия, сырт алаңда)
«Панатинаикос» (Грекия, өз алаңында)
«Твенте» (Нидерланды, сырт алаңда)
«Университатя» Крайова (Румыния, өз алаңында)
«Мьельбю» (Швеция, өз алаңында)
«Рига» (Латвия, сырт алаңда)
Конференция лигасының негізгі раундына 36 клуб қатысады. Әр команда жалпы кезеңде алты кездесуден өткізеді.
Еуропа лигасының плей-офф раундында «Қайрат» екі кездесудің қорытындысы бойынша бельгиялық «Андерлехтке» (0:3, 0:3) есе жіберіп, еуромаусымды Конференциялар лигасында жалғастырады. Өткен маусымда алматылықтар өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі сатысына жолдама алған болатын.
Әлім Динасылов