«Қайратқа» қарсы қиын болды»: «Андерлехт» жартылай қорғаушысы – Еуропа лигасындағы жеңіс туралы

21 тамыз, 10:25

«Қайратқа» қарсы қиын болды»: «Андерлехт» жартылай қорғаушысы – Еуропа лигасындағы жеңіс туралы

Фото: Марко Кана

Бельгиялық «Андерлехттің» жартылай қорғаушысы Марко Кана ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Еуропа лигасы квалификациясының плей-офф кезеңіндегі «Қайратпен» болған алғашқы кездесудегі жеңісі (3:0) туралы пікір білдірді.

Ойынның басталуы мен көгалдың сапасы туралы

«Ойынды дұрыс баппен бастап, бірден қарқын мен прессингті қостық. Қуанышымызға орай, екінші минутта-ақ гол соқтық – шамамен ПАОК-пен болған ойындағыдай. Бұл – біздің стиліміз: тіпті сырт алаңда болсақ та, алғашқы секундтардан бастап өз ойынымызды таңу.

Көгалға келер болсақ, ол қалыпты болды. Өз футболымызды ойнай алдық. Ақыр аяғында, бізге Еуропа лигасында өнер көрсету бақыты бұйырды, мақсатқа жетуге бір-ақ қадам қалды, сондықтан алаңның сапасы бізге кедергі болған жоқ», – деп атап өтті футболшы.

Ауыр ұшу мен алаңдағы бар күшті салу туралы

«Клуб осы сапарда мінсіз жағдай жасады. Сегіз сағаттық ұшу оңай емес, бірақ бізде толыққанды дайындық үшін барлық нәрсе болды. Меніңше, біз мұны алғашқы минуттардан бастап алаңда көрсете алдық. Тіпті кездесу соңында да бар күшімізді салып, қауіпті сәттер жасадық. Әрбір пайыз маңызды: егер мен жалпы табыс үшін тым болмаса бір пайыз қоса алсам, оны міндетті түрде жасаймын», – деп қосты Кана.

«Қайратпен» күрес және қарымта матч туралы

«Босаңсуға болмайды. Бар күшімізді салдық және қатты шаршадық. Тіпті он ойыншымен қалса да, «Қайрат» прессинг жасап, күресті жалғастырды. Жеңіл болмайтынын түсіндік. Иә, есеп 3:0, бірақ іс жүзінде матч өте ауыр өтті. Өз алаңымызда кем дегенде осындай күш салуымыз керек», – деп баса айтты хавбек.

Бельгиядан келген жанкүйерлер туралы

«Біздің фанаттар «Андерлехттің» қаншалықты ұлы клуб екенін көрсетіп отыр. Егер адамдар команда үшін осындай ұзақ жолды басып өтуге дайын болса, бұл олардың шексіз адалдығын білдіреді. Алматының өзінде осындай қолдауды сезінгенімді мақтан тұтамын және оларға осы жеңісті сыйлай алғанымызға өте қуаныштымын», – деп түйіндеді сөзін Марко Кана.

«Андерлехт» Алматының Орталық стадионында «Қайратты» 3:0 есебімен тас-талқан етті. Қонақтар сапында Лукаш Амброс пен Даниил Сикан көзге түссе, тағы бір допты алматылықтардың финдік жартылай қорғаушысы Яакко Оксанен өз қақпасына соғып алды.

Матчтың 38-минутында алаң иелерінің қорғаушысы Александр Широбоков қызыл қағаз алды.

Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу құқығы үшін қарымта кездесу 27 тамыз күні Брюссельде өтеді.

«Андерлехт» бапкері – «Қайратты» жеңгені жайлы: әлі ештеңе шешілген жоқ

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  19 қараша, 21:20

Қазақстан құрамасының бапкерлігіне үміткер болған маман Катарға тағайындалуға жақын

1
ҚПЛ  19 қараша, 20:10

«Ертісте» жарты жыл бойы жалақы төлемеді»: Мұртазаев ҚПЛ-дегі қарыздар туралы айтты

2
ҚПЛ  19 қараша, 20:00

Роман Мұртазаев | «Елімайдағы» ойын, құрама мәселелері және қазақстандық футболдағы жалақы кешігуі

3
ҚПЛ  19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

4
Ұлттық құрама  19 қараша, 16:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

5
Халықаралық футбол  19 қараша, 14:18

Михаил Мудрик сәтсіз тапсырған допинг-тесті үшін Украина құрамасын айыптады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25