«Андерлехт» бапкері – «Қайратты» жеңгені жайлы: әлі ештеңе шешілген жоқ

20 тамыз, 22:58

«Андерлехт» бапкері – «Қайратты» жеңгені жайлы: әлі ештеңе шешілген жоқ

Фото: Витор Бруну

«Андерлехт» клубының бас бапкері Витор Бруну Еуропа лигасының плей-офф раундында «Қайратпен» болған алғашқы матч (3:0) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Әлі ештеңе шешілген жоқ. Бұл – футбол. Бүгінгі ойынға қандай жауапкершілікпен қарасақ, жауапты матчқа да дәл солай дайындаламыз. Ойыншыларымыз бар назарын сол ойынға аударады. Алғашқы матчта 4:1 есебімен жеңіп, қарымта матчта жеңіліп қалған жағдайлар жиі кездескен. Сондықтан бұл текетіресте әлі ештеңе шешілген жоқ.

«Қайратты» құрметтегендіктен, осындай нәтижеге қол жеткіздік. Ұзақ сапарға байланысты бұл ойынға дайындалуға көп уақыт болған жоқ. Қарсыласты жақсылап зерттедік, видео талдаулар жүргіздік, мықты және әлсіз тұстарын анықтап, соған сай шабуыл ұйымдастырдық. Жігіттер барын салды, екінші таймда да босаңсымай ойнауын талап еттім. Енді қарымта матчта да дәл осылай ойнауға тырысамыз», – деді Бруну.

Бельгиялық клуб алғашқы ойында алматылықтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді. «Қайрат» үш голды да бірінші таймда өткізіп алды, оның үстіне 38-минутта Александр Широбоков қызыл қағаз алды.

Қос команда арасындағы қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді.

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  19 қараша, 21:20

Қазақстан құрамасының бапкерлігіне үміткер болған маман Катарға тағайындалуға жақын

1
ҚПЛ  19 қараша, 20:10

«Ертісте» жарты жыл бойы жалақы төлемеді»: Мұртазаев ҚПЛ-дегі қарыздар туралы айтты

2
ҚПЛ  19 қараша, 20:00

Роман Мұртазаев | «Елімайдағы» ойын, құрама мәселелері және қазақстандық футболдағы жалақы кешігуі

3
ҚПЛ  19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

4
Ұлттық құрама  19 қараша, 16:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

5
Халықаралық футбол  19 қараша, 14:18

Михаил Мудрик сәтсіз тапсырған допинг-тесті үшін Украина құрамасын айыптады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25