Матч орталығы
«Андерлехттің» қанша жанкүйері «Қайратқа» қарсы матчқа Алматыға ұшып келгені белгілі болды
20 тамыз, 20:22

Фото: «Андерлехттің» жанкүйерлері
Қазіргі минуттарда Алматының Орталық стадионында «Қайрат» пен бельгиялық «Андерлехт» арасында Еуропа лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңіндегі алғашқы матч өтіп жатыр, деп хабарлайды ASnews.kz.
Белгілі болғандай, қонақ командаға қолдау көрсету үшін Қазақстанға Бельгиядан 10 берілген жанкүйер келген. Олар дәл қазір трибунада өз клубына жанкүйерлік етуде.
Осы еурокубок ойыны үшін бельгиялық грандтың жанкүйерлері 5 300 шақырымнан астам арақашықтықты басып өтті.
Жұптың жеңімпазы Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алса, жеңілген ұжым Конференция лигасында өнер көрсетеді.
Қарымта кездесу 27 тамыз күні Брюссельде өтеді.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Қайрат» пен «Андерлехт» матчына барды
Әлім Динасылов