Матч орталығы
Жоржиньо – «Олимпияны» жеңуі жайлы: жанкүйерлердің қолдауы бізге күш берді
16.07.2025 00:15

Фото: Жоржиньо
«Қайрат» шабуылшысы Жоржиньо BorodAbata.kz сайтына берген сұқбатында Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Олимпиямен» болған ойында жанкүйерлердің қолдауы ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
«Атмосфера керемет болды. Қарсыластарға қалай әсер еткенін білмеймін, бірақ бізге жақсы әсер етті. Әрбір әрекетіміз – допты тартып алу, шабуылға шығу – трибунадағы қолдаудың арқасында жүзеге асты.
Қарсыластың айып алаңына кірген сәтте жанкүйерлердің қолдауы алға ұмтылуға қуат берді. Қорғаныста жүрген кезімізде де стадионның бізбен бірге екенін сезіндік. Мұндай қолдау командаға шынымен көмектеседі – эмоция матч бойы сезілді», – деді Жоржиньо.
Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде «Қайрат» словениялық «Олимпияны» 2:0 есебімен жеңді. Екі кездесудің қорытындысы бойынша (3:1) алматылықтар келесі кезеңге жолдама алды.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов