Матч орталығы
Бабаян – «Динамо Ситиге» қарсы дайындық туралы: ҚПЛ-дағы жеңістерге байсалды қарау керек, ойлануға уақыт жоқ
15 шілде, 16:39

Фото: Григорий Бабаян
Елордалық «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Ақтөбемен» ойындағы ротация және команданың албаниялық «Динамо Ситиге» қарсы қарымта кездесуге дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ақтөбеге қарсы матчтағы ротация Миладиновичтің жағдайын қоспағанда алдын-ала жоспарланған болатын – ол бұл турда ойнай алмады. Ал ертеңгі кездесуге келер болсақ, бәрін саралап, бірнеше позиция бойынша футболшылармен ақылдасу үшін бізге тағы бір жаттығу қажет. Бұл – маңызды матч, сондықтан барынша жауапкершілікпен дайындалуымыз керек.
Жігіттердің «Ақтөбеге» қарсы ойындағыдай жеңістерге байсалды түрде қарағанын қалаймын. Келесі күні мұндай ойындарды ұмыту керек. Бұл туралы ұзақ ойланып жатуға уақытымыз жоқ. Чемпионатта ойнамаған футболшылар «Динамоға» қарсы кездесуге дұрыс бабында келуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Мұндай жеңістер қуаныш сыйлайды, бірақ ең бастысы – олар ертеңгі матчқа кері әсерін тигізбеуі тиіс», – деді Бабаян.
Тиранада өткен алғашқы кездесуде қазақстандық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов