Матч орталығы
«Арсенал»–«Қайрат» матчының билеттері бір сағатқа жетпей таусылды
15 қаңтар, 21:58

Фото: «Қайраттың» Миландағы қолдаушылары
Лондондық «Арсенал» мен алматылық «Қайрат» арасындағы Чемпиондар лигасының матчына арналған қонақтар квотасы толығымен сатылып кетті, деп хабарлайды ASnews.kz.
Белгілі болғандай, «Эмирейтс» стадионындағы қазақстандық жанкүйерлерге арналған билеттер сатылым басталғаннан кейін бір сағатқа жетпей өз иелерін тапқан.
Еске салайық, ойын 28 қаңтар күні Лондонда өтеді. Матч Алматы уақытымен 01:00-де (жергілікті уақытпен 20:00) басталады.
Бұған дейін бельгиялық HLN порталының сарапшысы Томас Таке сайтына берген сұхбатында «Қайрат» пен «Брюгге» арасындағы матчтан не күтетінін айтты.
Әлім Динасылов