ҚПЛ-дың бельгиялық экс-футболшысы: «Брюгге» «Қайратты» жеңуі тиіс
18 қаңтар, 10:08
Фото: Брюгге ФК
Бельгиялық, «Қызылжар» клубының бұрынғы қорғаушысы Брайан Ван Ден Богарт ASnews.kz сайтына берген сұхбатында «Қайраттың» «Брюггеге» қарсы матчтағы мүмкіндігін бағалады.
«Нефтчимен» (0:3) болған матчтағы жеңілістің айтарлықтай әсері жоқ, себебі жолдастық кездесулерді Чемпиондар лигасымен салыстыруға келмейді. Еурокубок матчтарында ойыншылардың концентрациясы, қарқыны мен тактикасы мүлде басқа деңгейде болады.
Ал «Брюггедегі» бас бапкердің ауысуы «Қайрат» үшін үлкен қиындық болады. Мұндай жағдайда футболшылар өздерін барынша көрсетуге тырысады, ал команда дайындығы одан әрі күшейе түседі. Сондықтан қазақстандықтар тек ұзақ сапар факторына ғана үміт арта алады», – деді Ван Ден Богарт.
34 жастағы ойыншының айтуынша, бельгиялық команда 5300 шақырымдық жолдан кейін шаршап, концентрациясы төмендеуі мүмкін:
«Мен өзім де Бельгиядан Қазақстанға талай рет ұшып келгенмін, сондықтан түсінемін: алыс сапар пен қалыпқа келуге кететін уақыттың аздығы кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе ойынның басында. Дегенмен жалпы болжамым – 70/30 «Брюггенің» пайдасына. Тәжірибе – бәрінен маңызды», – деп қосты ол.
20 қаңтарда алматылықтар Бельгия чемпионатының күміс жүлдегерімен кездеседі. Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі жетінші тур ойыны «Астана Аренада» өтеді.
Қазіргі таңда «Брюгге» ЧЛ-ның турнирлік кестесінде 31-орында тұр. Нашар нәтижелерге байланысты клуб бұрынғы бас бапкері Ники Хайенмен қоштасып, хорватиялық маман Иван Леконы тағайындады.
Брайан Ван Ден Богарт «Қызылжар» сапында 22 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түскен.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Нигерия құрамасының экс-ойыншысы – «Қайсар» туралы: Мозес пен Эзекиль айтарлықтай көмек береді
2Гамшиктің экс-әріптесі – Қазақстан жайлы: Еуропада әлсіз қарсылас жоқ
3Турнирлік кесте
Қайрат
Астана
Тобыл
Елімай
Ақтөбе
Жеңіс
Ордабасы
Оқжетпес
Қызылжар
Ұлытау
Қайсар
Жетісу
Атырау
Тұран
Арсенал
Манчестер Сити
Астон Вилла
Манчестер Юнайтед
Челси
Ливерпуль
Брентфорд
Борнмут
Эвертон
Фулхэм
Ньюкасл Юнайтед
Сандерленд
Кристал Пэлас
Брайтон
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Эспаньол
Атлетик Бильбао
Осасуна
Реал Сосьедад
Жирона
Севилья
Хетафе
Алавес
Райо Вальекано
Валенсия
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Фрайбург
Айнтрахт Франкфурт
Унион Берлин
Аугсбург
Гамбург
Кёльн
Майнц
Боруссия М
Вольфсбург
Санкт-Паули
Вердер
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Рома
Ювентус
Комо
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Кальяри
Дженоа
Торино
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Пиза
Верона
ПСЖ
Ланс
Лион
Марсель
Лилль
Ренн
Страсбур
Монако
Лорьян
Тулуза
Брест
Анже
Гавр
Ницца
Париж
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол