Матч орталығы
Гиорги Зария: сенімді түрде ойнай алмай, сасқалақтап қалдық
22.10.2025 01:35

Фото: Гиорги Зария
«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гиорги Зария ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасында кипрлік «Пафоспен» болған ойынды қорытындылап, «Астанаға» қарсы шешуші матч жайлы пікір білдірді.
«Бұл турнирдегі алғашқы тәжірибеміз, бізге тәжірибе жетіспеуде. Матч кезінде сасқалақтап қалдық, негізінде, сабыр сақтап, сенімдірек ойнап, мүмкіндігінше шабуылдап, гол соғуымыз керек еді. Біз жақсы ойнадық, бірақ шабуылды аяқтайтын соққы және гол жетіспеді.
Тактикалық тұрғыдан бапкер сұрағанның барлығын дерлік орындадық. Ең бастысы, мүмкіндігімізді пайдалана алмадық.
«Астанаға» қарсы финалдық ойынға келетін болсақ, дайындықты ертең бастаймыз. Матчқа толықтай дайын боламыз. Біз жыл бойы бірінші орында болуға тырыстық», – деді Зария.
«Қайрат» әзірге «Астанадан» екі ұпайға алда тұр. Қазақстан чемпионы 26 қазанда қос команда арасындағы матчта шешіледі.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов