Матч орталығы
Испаниялық эксперт – Алматыдағы матч жайлы: ЧЛ – «Қайраттың» жас ойыншылары үшін үлкен сахна
30.09.2025 14:16

Фото: Александр Мрынский
Diario Sport басылымының испаниялық журналисі Алекс Калафф ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» кездесуінен не күтетінін айтып берді.
«Хаби Алонсо командасының әлі толық құрылмағанын айтты. Бірақ мадридтіктер әр матчта жеңіске жетуді қалайды, «Атлетикоға» қарсы драмадан кейін олар тағы ұпай жоғалтпауы тиіс. Әсіресе «Қайрат» сияқты командаға қарсы», – деді журналист.
Калафф мұндай матчтардың тек клубтар үшін ғана емес, жас ойыншылар үшін де маңызды екенін атап өтті.
«Әрине, бұл «Қайратқа» және барлық басқа командаларға қатысты. Чемпиондар лигасы – әлемдегі ең үздік клубтарға өз өнеріңізді көрсететін ең үлкен сахна. Скауттар мұндай матчтарды үнемі тамашалайды, сондықтан ойыншылардың өз атын шығаруға мүмкіндігі бар», – деп қосты ол.
«Қайрат» Чемпиондар лигасының екінші турында Алматыда «Реалды» қабылдайды. Ойын бүгін Орталық стадионда өтеді және Астана уақытымен 21:45-те басталады.
Басты жаңалықтар
ҚПЛ 28 қазан, 19:32
ҚПЛ вице-чемпионы зауыт жұмысшысына көз тікті: ол Қазақстан құрамасына гол соққан
1Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетпей ме? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов