Матч орталығы
Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы – Қалмұрза туралы: интернетті ашпағаны дұрыс
16.09.2025 10:07

Фото: Алмат Бекбаев
«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ASnews.kz (BorodAbata) тілшісіне берген сұхбатында Шерхан Қалмұрзаға Чемпиондар лигасындағы дебюті қарсаңында баспасөз беттерін оқымауға кеңес берді.
«Спортингпен» сырттағы матч қиын болатындықтан, Қалмұрза бар уайымын Лиссабонға тастап, еш қорықпай «Реалға» қарсы шығуы керек. Ең бастысы, Шерхан қысымға төтеп беруі тиіс – қазір жанкүйерлер де, баспасөз де ол туралы көп айтуда. Жас қақпашы интернетті оқымай, ойынға барынша салқынқандылықпен қараса екен деймін. Сол кезде бәрі жақсы болады», – деп сендірді тәжірибелі футболшы.
Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбековтың жарақатына байланысты Рафаэль Уразбахтин 18 жастағы қақпашыға үміт артады. Қалмұрза Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Спортинг» (18 қыркүйек) және «Реалға» (30 қыркүйек) қарсы ойнайды деп күтілуде.
Басты жаңалықтар
Басқа 27 қазан, 21:11
Футзал комментаторлары алдындағы берешек осы аптада өтеле бастайды: ҚФФ диалогқа қосылды
1Халықаралық футбол 27 қазан, 17:19
Сәтпаевтың командасын алдағы матчтарға кім дайындайды? Хайенмен бірге екі көмекшісі қызметінен кетті
4Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлишер Аманжол