Матч орталығы

Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ҚайратҚайрат
1:058
МьельбюМьельбю
Хоккей
РесейКХЛ
СпартакСпартак
0:014:42
ЦСКАЦСКА
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
МарсельМарсель
22:45Бүгін
ЛевскиЛевски
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
КауноКауно
22:45Бүгін
РигаРига
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ИберияИберия
22:45Бүгін
ХетафеХетафе
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ХартсХартс
22:45Бүгін
МонакоМонако
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ЭгнатияЭгнатия
22:45Бүгін
Линкольн Ред ИмпсЛинкольн Ред Импс
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
БрайтонБрайтон
22:45Бүгін
КрайоваКрайова
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ЯблонецЯблонец
22:45Бүгін
ЛуганоЛугано
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
ПафосПафос
22:45Бүгін
МидтьюлландМидтьюлланд
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
АяксАякс
22:45Бүгін
ТунТун
Футбол
ЕуропаКонференциялар лигасы
БраннБранн
22:45Бүгін
ОрхусОрхус
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЮнионЮнион
22:45Бүгін
ЛехЛех
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
СельтаСельта
22:45Бүгін
БорнмутБорнмут
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
БешикташБешикташ
22:45Бүгін
ХапоэльХапоэль
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ДинамоДинамо
22:45Бүгін
БайерБайер
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ЗальцбургЗальцбург
22:45Бүгін
АраратАрарат
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ВикторияВиктория
22:45Бүгін
БенфикаБенфика
Футбол
ЕуропаЕуропа лигасы
ОлимпиакосОлимпиакос
22:45Бүгін
МиланМилан
Баскетбол
ЕуропаӘлем чемпионаты, іріктеу, Еуропа
ЧерногорияЧерногория
23:00Бүгін
ИспанияИспания

«Вальверде маған «шоколад!» деді»: қазақстандық журналист – «Реал» жұлдызымен болған оқиға туралы

26 қараша, 21:02

«Вальверде маған «шоколад!» деді»: қазақстандық журналист – «Реал» жұлдызымен болған оқиға туралы

Фото: Федерико Вальверде және Әли Қайып

24 қарашада Чемпиондар лигасы аясындағы «Реал» мен ПСВ (5:1) матчынан кейін мадридтік клубтың уругвайлық жартылай қорғаушысы Федерико Вальверде қазақстандық журналистерге ойын шолағын шешіп беріп, орнына қазақстандық шоколад сұрады. Бұл видео бір түннің ішінде әлемге тарап, Португалия, Грекия, Уругвай, Германия және Украина басылымдарында жарияланды.

Вальвердеге тәтті ұсынған қазақстандық тілші Әли Қайып ASnews.kz сайтына берген сұхбатында:

  • оқиғаның қалай болғанын айтып берді;

  • футбол журналистикасына қалай келгенін бөлісті;

  • неліктен ең үздік сұхбаты ретінде қазақ тіліндегі әңгімені санайтынын түсіндірді.

«Өзімді танымал деп есептемеймін»

«Шыны керек, өзімді әйгілі әрі атақты деп есептемеймін. Сарыөзектің қарапайым баласымын. Жолым болды – керек жерде, керек уақытта өзімді көрсете алдым. Әлемнің ірі пабликтерімен коллаборация жасап, еліміз туралы айту – мен үшін үлкен мәртебе. Өте қуаныштымын.

Видео аяқ астынан түсірілді. Қасымда «Реал Мадрид» клубтық арнасының стенді тұрған еді. Арда Гүлерден сұхбат алған кезде оған шоколад ұсындым. Мұны Феде көріп қалыпты. Гүлерден кейін басқа ойыншыларды күтіп тұрғанмын, сол сәтте Вальверде клуб арнасына сұхбат беріп болып, кетіп бара жатқан. Оған жай ғана сәлем бергім келген. Мені таңғалдырғаны – ол маған өзі «chocolates, chocolates» деді. Ойланбастан сөмкеме жүгіріп барып, қалған шоколадты алып шықтым. Мұншалықты көп қаралым жинап, 433 паблигінің деңгейіне жетеді деп мүлдем ойламадым».

Федерико Вальверде және Әли Қайып

Сарыөзектен Миланға дейін

«Есімім – Әли, жасым 22-де, руым – жалайыр. Сарыөзек кентінде туғанмын, бала кезімнен Алматыда тұрамын. Мектеп бітірген соң бірден Италияға оқуға түстім, алғашқы жылымды Пизада өткіздім – тіл үйренуге арнайы бардым. Келесі жылы Миланға көштім, қазір сол жақта қаржы саласында білім алып жатырмын. Бұйырса, наурызда оқуымды аяқтаймын».

Әли Қайып

Футбол журналистикасына жол 2024 жылы кездейсоқ ашылған.

«Миланда үйде ішім пысып отырғанмын. Ол кезде Германияда Еуро-2024 өтіп жатқан, ал бізде «Еуропадағы қазақтар» деген WhatsApp чат болатын. Кем дегенде бір матчқа барғым келді, бірақ қаражатым аса көп емес еді. Бір күні чатты ашсам, бір кісі Гамбургте өтетін Португалия – Франция ойынына билет сатып жатыр екен. Саудаласып, тиімді бағаға келістік те, бірден Гамбургке ұшаққа билет алдым.

Гамбургтен кейін Берлинге бардым. Сол чатта Қасымжан есімді жігіт: «Берлинде, фан-аймақта кім бар?» – деп жазды. Мен жауап беріп, кездесуді ұсындым. Фан-аймақта жолықтық – сөйтсек, Қасымжан Zidan4eg блогының авторы екен. Кезінде Қазақстан атынан УЕФА нұсқасы бойынша үздік ойыншыға дауыс берген адам. Танысып, байланыс нөмірлерімізді алмастық».

Екінші серпін «Қайраттың» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шығуы болған.

«Бәрі білетіндей, «Қайраттың» қарсыластарының бірі миландық «Интер» болды. Сол кезде Қасымжан маған: «Әли, сен Миландасың ба? Кездесейік», – деп жазды. Мен одан аккредитация жағынан көмектесе алатынын сұрадым. Осылайша «Қайрат» арқылы «Фото» санатындағы журналист ретінде алғашқы матчыма кірдім. Клубтың медиа-офицері Арман Жақсығұловқа да рақмет.

Алғашқы ойын – «Интер» – «Қайрат» (2:1). Алаң жиегінде тұрғаныма өзім сене алмадым. Футбол мен үшін мүлде жаңа қырынан ашылды. Осы матчтан кейін дәл осы салада жұмыс істегім келеді деген іштей шешім пайда болды».

Алайда байланыс орнату оңайға соқпаған.

«Кейін Астанадағы «Қайрат» – «Брюгге» ойынына бардым. Ол жақта да біреулермен танысқым келді, бірақ нақты кімге барарымды білмедім. Таныстарым болмады, кімнен не сұрау керегін түсінбедім. Кейінірек маған Өзбекстаннан келген Абдулвосит есімді жігіт көмектесті – Өзбекстандағы ең ірі медиа-ресурстың топ-журналисі, Гвардиола мен Холандтан сұхбат алған маман. Таныс болмасақ та, өтінішімді жерге тастамады. Соның арқасында қазір QSport арнасында тілші болып жұмыс істеймін. Мұндағы алғашқы ойыным ақпан айындағы «Монако» – ПСЖ плей-офф матчы болды».

Луис Энрике, дірілдеген дауыс және лифтідегі Дель Пьеро

«Ең алғашқы жеке сұхбатым сол «Монако» – ПСЖ ойынынан кейін Луис Энрикемен болды. Сөйлей бастағанда дауысым дірілдеп, білетін бүкіл ағылшын тілім бір сәтте ғайып болғандай күй кештім. Не айтарымды білмей қалдым. Мұндай жағдай кез келген адамның басынан өтеді».

Кейін сұхбаттасқан жұлдыздардың тізімі едәуір толықты: Матвей Сафонов, Виктор Осимхен, Серж Гнабри, Сеск Фабрегас, Нико Пас, Бруну Фернандеш, Хакан Чалханоглу, Арда Гүлер, Тибо Куртуа.

Ең есте қаларлық оқиға да шоколадтан басталған.

«Алғашқы қызықты жағдай Алессандро Дель Пьеромен болды. «Аталанта» – «Бавария» матчынан кейін оған және Питер Шмейхельге қазақстандық шоколад ұсындым, сол кезде таныстық. Келесі турда, «Реал Мадрид» – «Бавария» ойынында лифтіде телефоныма қарап тұрғанмын. Ішке бір кісі кіріп, итальян тілінде: «Сен әлгі қазақстандық жігітсің бе?» – деп сұрады. Басымды көтерсем – Дель Пьероның өзі тұр. «Иә, ол менмін, Алессандро! Мені қалай есте сақтап қалдыңыз?» – дедім. Ол: «Бізге шоколад бергенің есімде, өте дәмді болды, қатты ұнады, көп рақмет», – деді.

Алессандро Дель Пьеро және Әли Қайып

Дәл кеше Маурисио Почеттинодан сұхбат алдым. «Манчестер Юнайтедтің» баспасөз офицерімен қарым-қатынасым өте жақсы – кезінде ол МЮ – «Астана» матчына Астанаға келген екен, әңгімеміз сол жерден жарасып кетті. Почеттино шықпай тұрып, әлгі кісі өзі келіп: «Маурисиоға арналған шоколадыңыз бар ма?» – деп сұрады. Мен жоқ дедім. Ол күліп: «Жақсы, онда сіздің шоколадыңызға таласатын болдық», – деді. Сосын: «Вальверденің шортысы қалай екен, иіскеп көрдің бе?» – деп әзілдеді».

Бес тіл және жабылған «гештальт»

«Мен бес тілде еркін сөйлеймін: қазақ, орыс, ағылшын, итальян және түрік тілдерінде. Қазір испан және француз тілдерін үйреніп жүрмін, өйткені олар итальян тіліне ұқсас. Испанша мәтіндерді оқып, түсінемін, бірақ сөйлеу әзірге қиындау.

Әр клубтың УЕФА хаттамасы болады, онда әр ойыншының қай тілде сөйлейтіні жазылады. Кейде сұхбатқа мүлде күтпеген футболшы шығып қалуы мүмкін, оған дайын болу керек. Егер оның тілін білмесең және дайын болмасаң – мүмкіндікті жіберіп алдым дей бер. Ойыншылар да ағылшынша сұрақтарды әрдайым ұната бермейді, олар өздеріне ыңғайлы тілде сөйлегісі келеді.

Ағылшын, орыс, итальян, түрік тілдерінде сұхбат алдым, ал қазақ тілінде бірде-бір сұхбат алмаған едім. Бұл мен үшін өзінше бір «гештальт» болды. «Аталанта» – «Қайрат» ойынында соны жаптым – Темірлан Анарбековпен қазақша сөйлестім.

Темірлан Анарбеков және Әли Қайып

Мен өз тілімді қатты құрметтеймін, бағалаймын және мақтан тұтамын. Қанша жерден әйгілі футболшылармен түрлі тілде сөйлессем де, туған қазақ тіліме ештеңе жетпейді. Сондықтан менің нөмірі бірінші сұхбатым – Темірлан Анарбековпен болған әңгіме».

«Бұл – үлкен жауапкершілік»

«Барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Соңғы видеоларым әлеуметтік желіде қарқынды таралып жатыр, мұның бәрі сіздердің қолдауларыңыздың арқасы. Осылай бірге түрлі рекордтарды жаңарта берейік.

Әлемдік футбол сахнасында Қазақстанды таныту – мен үшін зор мәртебе. Алға жылжи береміз».

Еске сала кетейік, Вальверде ПСВ-ға қарсы матчта (5:1) гол соғып, ойыннан кейін микст-аймақта қазақстандық журналистерден өзі шоколад сұрады. Кейін ол ойын шортысын шешетіндей кейіп танытып: «Mi short por otro chocolate más» – «Тағы бір шоколадқа шортымды беремін» деді. Тәттіні алған соң: «Son para mis hijos» – «Бұл балаларыма» деп түсіндірді.

Айта кетейік, бұл видео шетелдік басылымдарға кеңінен тарады: 433 паблигінде, португалиялық Maisfutebol, грекиялық Sport24, уругвайлық El Observador және өзге де медиаларда жарияланды.

🔥 Ең соңғы жаңалықтар, инсайдтар мен трансферлер – біздің Telegram арнамызда.

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  26 қараша, 21:02

«Вальверде маған «шоколад!» деді»: қазақстандық журналист – «Реал» жұлдызымен болған оқиға туралы

1
Ұлттық құрама  26 қараша, 17:59

Мазбаев, Бабаян және Нұрдәулетов: Қазақстан құрамасына үміткерлер бапкерлердің шорт-парағы белгілі болды

2
ҚПЛ  26 қараша, 16:30

Нұрдәулетов – болашағы туралы: екі-үш жылдық келісімшарт ұсынса, бірінші лигада жұмыс істеуге болады

3
Халықаралық футбол  26 қараша, 14:22

«Ұсыныстар түсті»: Қазақстан құрамасының экс-бапкері Адиев – мансабын қайта жалғастыру туралы

4
ҚПЛ  26 қараша, 13:25

«Ұлытау» шабуылшысы «Ордабасыға» ауысуы мүмкін

5
ҚПЛ  26 қараша, 11:08

«Жеңістің» швециялық экс-легионері: ҚПЛ командаларына тактикалық сауаттылық жетіспейді

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25