«Алтайды» кім басқарады: клубтың жаңа инвесторы «AN Groups» туралы не белгілі

20 қараша, 10:10

«Алтайды» кім басқарады: клубтың жаңа инвесторы «AN Groups» туралы не белгілі

Журналист Эльдар Аманбаевтың мәліметінше, өскемендік «Алтай» футбол клубы жеке инвестор тапты – оның серіктесі жергілікті «AN Groups» ЖШС құрылыс компаниясы болды. ASnews.kz авторы бұл компанияның немен айналысатынын және қаржылық көрсеткіштері қандай екенін анықтады.

«AN Groups» ЖШС – үлесі жарияланбайды

Компания клуб құрылтайшыларының құрамына еніп, команданы қаржыландыратын болады. Инвестиция көлемі мен инвестордың үлесі әзірге құпия сақталып отыр.

ЭҚЖЖ бойынша негізгі қызмет түрі – тұрғын үйлер салу. Басшысы – Дархан Шотабаев. Компания 1997 жылдың наурызында Өскемен қаласында тіркелген, нарықта 29 жылдан бері жұмыс істейді.

Кәсіпорын қызметкерлер саны 51-ден 100 адамға дейінгі шағын бизнес санатына жатады. Салық төлемдері төртінші жыл қатарынан өсіп келеді: 2022 жылы – 798,1 млн теңге, 2023 жылы – 777,8 млн, 2024 жылы – 1,002 млрд және 2025 жылы – 2,08 млрд теңге. Жұмыс істеген барлық уақыт ішінде бюджетке жалпы сомасы 5,7 млрд теңгеден астам салық төлеген. Салық берешегі жоқ.

Сонымен қатар AN Groups Астана, Семей және Өскемен қалаларында тұрғын үй девелопері ретінде жұмыс істейді және 700 мың шаршы метрден астам құрылыс аумағын игеріп жатыр. Қазіргі жобалары – AINALAIYN, ASYLTAS және ASYLYM тұрғын үй кешендері. Алғашқысы Есенберлин көшесінде салынуда: жайлылық санатындағы 140 пәтер, екінші кезегі 2026 жылдың төртінші тоқсанында тапсырылады, бір шаршы метрі 440-460 мың теңгеден сатылып жатыр.

NIAC талдау сервисінің деректері бойынша, 2025 жылы компания Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алуларындағы жетекші жеткізушілердің өңірлік тізілімінде бірінші орынды иеленген.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қарашасында ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов клубты жекеменшікке беру мәселесі «жан-жақты қарастырылып жатқанын», бірақ сол кезде инвесторлардан ұсыныстар түспегенін мәлімдеген болатын. Желтоқсанда «Алтайдың» алғашқы серіктесі «Қазцинк» атанды, ал қаңтарда әкім өңір бизнесіне ашық үндеу тастады:

«Мен облыс кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлерді қаржылай көмек көрсетуге шақырамын»

«Дядя Ваня» Telegram-арнасының мәліметінше, 2026 жылғы маусымның қорытынды бюджеті 2,446 млрд теңгеге дейін өсті. Салыстыру үшін: «Каспий» шамамен 1,5 млрд, «Ертіс» – 1,655 млрд, ал «Оқжетпес» – 2,1 млрд теңге жұмсаған.

«Алтай» ҚПЛ-дің 2026 жылғы маусымын 16 команданың ішінде 14-орында аяқтады: алты жеңіс, он тең ойын, он төрт жеңіліс және 28 ұпай. Вахид Масудов шәкірттері лигадағы орнын соңғы турда ғана «Қайратпен» тең ойнау арқылы сақтап қалды. Қазақстан кубогында өскемендіктер «Ұлытау» мен «Ақтөбені» жарыс жолынан шығарып, жартылай финалда «Ордабасыға» есе жіберді.

Реформа Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футбол клубтарын коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Дәл осы схема бойынша қараша айында павлодарлық «Ертіс» те жекеменшік тең иелеріне ие болған еді.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  20 қараша, 10:10

«Алтайды» кім басқарады: клубтың жаңа инвесторы «AN Groups» туралы не белгілі

1
Ұлттық құрама  20 қараша, 08:20

Қазақстан құрамасының бапкерлігіне үміткер болған маман Катарға тағайындалуға жақын

2
ҚПЛ  19 қараша, 20:10

«Ертісте» жарты жыл бойы жалақы төлемеді»: Мұртазаев ҚПЛ-дегі қарыздар туралы айтты

3
ҚПЛ  19 қараша, 20:00

Роман Мұртазаев | «Елімайдағы» ойын, құрама мәселелері және қазақстандық футболдағы жалақы кешігуі

4
ҚПЛ  19 қараша, 18:22

«ҚФФ-ны қазақтар басқарсын, «Ақтөбе» – чемпион»: популизм қазақстандық футболды қалай құртып жатыр

5
Ұлттық құрама  19 қараша, 16:07

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткерлер белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25