Матч орталығы

Хоккей
РесейКХЛ
АмурАмур
1:000:10
БарысБарыс
Футбол
ӘлемМеждународный Кубок Чемпионов
МальдивМальдив
14:30Бүгін
ПәкістанПәкістан
Футбол
НидерландЭредивизи
ХеренвенХеренвен
16:15Бүгін
ФейеноордФейеноорд
Футбол
ИталияА сериясы
НаполиНаполи
16:30Бүгін
ЛациоЛацио
Теннис
ATPСтокгольм мужчины
Джейкоб ФирнлиДжейкоб Фирнли
17:10Бүгін
Александр ШевченкоАлександр Шевченко
Футбол
ИспанияЛа Лига
ЭльчеЭльче
18:00Бүгін
БетисБетис
Футбол
ТүркияСуперлига
ЧорумЧорум
18:00Бүгін
ФенербахчеФенербахче
Футбол
НидерландЭредивизи
ТвентеТвенте
18:30Бүгін
АяксАякс
Футбол
ИталияА сериясы
ДженоаДженоа
19:00Бүгін
МиланМилан
Футбол
АнглияПремьер-лига
СандерлендСандерленд
19:00Бүгін
ЧелсиЧелси
Футбол
ФранцияЛига 1
РеннРенн
19:00Бүгін
ЛилльЛилль
Футбол
АнглияПремьер-лига
Кристал ПэласКристал Пэлас
19:00Бүгін
ЛиверпульЛиверпуль
Футбол
АнглияПремьер-лига
ИпсвичИпсвич
19:00Бүгін
БорнмутБорнмут
Футбол
ӘлемМеждународный Кубок Чемпионов
Шри-ЛанкаШри-Ланка
19:00Бүгін
БутанБутан
Футбол
ИталияА сериясы
МонцаМонца
19:00Бүгін
АталантаАталанта
Футбол
АнглияПремьер-лига
БрайтонБрайтон
19:00Бүгін
БрентфордБрентфорд
Теннис
ATPПариж мужчины
Бен ШелтонБен Шелтон
19:00Бүгін
Карлос АлькарасКарлос Алькарас
Футбол
ГерманияБундеслига
КельнКельн
19:30Бүгін
БайерБайер
Футбол
ИспанияЛа Лига
Реал СосьедадРеал Сосьедад
20:15Бүгін
Райо ВальеканоРайо Вальекано
Футбол
ПортугалияПримейра-лига
Санта-КлараСанта-Клара
20:30Бүгін
Жил ВисентеЖил Висенте

«Астана Арена» – ортаңғы қатарда: УЕФА Суперкубогын қабылдаған стадиондарға шолу

19 қыркүйек, 16:00

«Астана Арена» – ортаңғы қатарда: УЕФА Суперкубогын қабылдаған стадиондарға шолу

Фото: Астана Арена

УЕФА Суперкубогы – Чемпиондар лигасының жеңімпазы мен Еуропа лигасының үздігін маусым басталар алдында кездестіретін дәстүрлі турнир. 1998–2012 жылдар аралығында Суперкубок матчтары тұрақты түрде Монакодағы Stade Louis II стадионында өтіп жүрді. Бұл стадионның сыйымдылығы 18500-ді құрайды. Ал 2013 жылдан бері Суперкубок әр жылы Еуропаның әртүрлі қаласында өткізіліп келеді. 2013–2026 жылдар аралығында матчтар Чехия, Уэльс, Грузия, Норвегия, Солтүстік Македония, Эстония, Түркия, Венгрия, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Грекия, Польша, Италия және Аустрия елдерінде өтті.

Осыдан бірнеше күн бұрын 2028 жылғы Суперкубок матчын «Астана Аренаның»қабылдайтыны белгілі болды. Біздің стадионның сыйымдылығы 30 мыңды құрайды. Сөйтсек, Суперкубок ойыны 15-20 мыңдық стадионда өткен кездер де болған екен.

Осы тұста ASnews.kz тілшісі 2013–2026 жылдардағы УЕФА Суперкубогы өткен стадиондарға тоқталуды жөн көрді.

2013 жыл — Eden Arena, Прага

Стадион: Eden Arena

Қала: Прага, Чехия

Сыйымдылығы: 20 800

Командалар: «Бавария» — «Челси»

Нәтиже: 2:2, пенальтиде 5:4

Негізгі және қосымша уақытта жеңімпаз анықталмады. Пенальти сериясында «Бавария» жеңіске жетті. Бұл Суперкубоктың Монакодан тыс жерде өткен алғашқы ойыны болды.

2014 жыл — Cardiff City Stadium, Кардифф

Стадион: Cardiff City Stadium

Қала: Кардифф, Уэльс

Сыйымдылығы: 30 500

Командалар: «Реал Мадрид» — «Севилья»

Нәтиже: 2:0

Криштиану Роналду дубль жасап, мадридтік клубқа Суперкубокты жеңіп алуға көмектесті. Матчқа 30 854 көрермен жиналды.

2015 жыл — Boris Paichadze Dinamo Arena, Тбилиси

Стадион: Boris Paichadze Dinamo Arena

Қала: Тбилиси, Грузия

Сыйымдылығы: 54 000

Командалар: «Барселона» — «Севилья»

Нәтиже: 5:4, қосымша уақытта

Бұл Суперкубок тарихындағы ең нәтижелі финалдардың бірі болды. «Барселона» қосымша уақытта 5:4 есебімен жеңіске жетті. УЕФА мәліметінше, сол кездегі стадионның сыйымдылығы 54 мың орын болған.

2016 жыл — Lerkendal Stadion, Тронхейм

Стадион: Lerkendal Stadion

Қала: Тронхейм, Норвегия

Сыйымдылығы: 21 600

Командалар: «Реал Мадрид» — «Севилья»

Нәтиже: 3:2, қосымша уақытта

Матчтың жеңімпазы қосымша уақытта анықталды. Даниэль Карвахаль 119-минутта соққан голымен «Реалға» трофей сыйлады. Lerkendal Stadion еурокубок финалын қабылдаған Норвегиядағы алғашқы стадион атанды.

2017 жыл — National Arena Filip II Macedonian, Скопье

Стадион: National Arena Filip II Macedonian

Қала: Скопье, Солтүстік Македония

Сыйымдылығы: 33 460

Командалар: «Реал Мадрид» — «Манчестер Юнайтед»

Нәтиже: 2:1

Каземиро мен Исконың голдары «Реалға» жеңіс сыйлады. «Манчестер Юнайтед» сапынан Ромелу Лукаку гол соқты. Стадионның UEFA бойынша сыйымдылығы 33 460 орын болды.

2018 жыл — Lilleküla Stadium, Таллин

Стадион: Lilleküla Stadium

Қала: Таллин, Эстония

Сыйымдылығы: шамамен 13 000

Командалар: «Реал Мадрид» — «Атлетико»

Нәтиже: 2:4, қосымша уақытта

Бұл матчта Мадридтің екі клубы кездесті. «Атлетико» қосымша уақытта төрт гол соғып, 4:2 есебімен жеңіске жетті. UEFA турнир алдындағы ақпаратында стадионның матчқа арналған сыйымдылығы шамамен 13 мың орын болғанын көрсеткен.

2019 жыл — Beşiktaş Park, Ыстамбұл

Стадион: Beşiktaş Park

Қала: Ыстамбұл, Түркия

Сыйымдылығы: 38 000

Командалар: «Ливерпуль» — «Челси»

Нәтиже: 2:2, пенальтиде 5:4

Англиялық екі команда арасындағы тартысты матч негізгі және қосымша уақытта 2:2 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында «Ливерпуль» 5:4 есебімен жеңісті тойлады. UEFA матч қарсаңында стадионның сыйымдылығын 38 мың орын деп көрсеткен.

2020 жыл — Puskás Aréna, Будапешт

Стадион: Puskás Aréna

Қала: Будапешт, Венгрия

Сыйымдылығы: шамамен 67 000

Командалар: «Бавария» — «Севилья»

Нәтиже: 2:1, қосымша уақытта

Бастапқыда 2020 жылғы Суперкубок Портудағы Estádio do Dragão стадионында өтуі керек еді. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты матч Будапештке ауыстырылды. «Бавария» қосымша уақытта Хави Мартинес соққан голдың арқасында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

2021 жыл — Windsor Park, Белфаст

Стадион: National Football Stadium at Windsor Park

Қала: Белфаст, Солтүстік Ирландия

Сыйымдылығы: шамамен 18 500

Командалар: «Челси» — «Вильярреал»

Нәтиже: 1:1, пенальтиде 6:5

Негізгі және қосымша уақытта есеп өзгермеді. Пенальти сериясында «Челси» 6:5 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет осы трофейді иеленді. COVID-19 шектеулеріне байланысты матчқа ең көбі 13 мың көрермен кіргізу жоспарланған болатын.

2022 жыл — Helsinki Olympic Stadium, Хельсинки

Стадион: Helsinki Olympic Stadium

Қала: Хельсинки, Финляндия

Сыйымдылығы: 31 500

Командалар: «Реал Мадрид» — «Айнтрахт»

Нәтиже: 2:0

Давид Алаба мен Карим Бензема соққан голдар «Реал Мадридке» жеңіс әкелді. UEFA матч өтетін стадионның сыйымдылығын 31 500 орын деп көрсеткен.

2023 жыл — Georgios Karaiskakis Stadium, Пирей

Стадион: Georgios Karaiskakis Stadium

Қала: Пирей, Грекия

Сыйымдылығы: 30 000-нан сәл жоғары

Командалар: «Манчестер Сити» — «Севилья»

Нәтиже: 1:1, пенальтиде 5:4

Негізгі уақытта командалар 1:1 есебімен тең түсті. Пенальти сериясында «Манчестер Сити» 5:4 есебімен жеңіп, өз тарихындағы алғашқы Суперкубогына қол жеткізді.

2024 жыл — National Stadium, Варшава

Стадион: National Stadium

Қала: Варшава, Польша

Сыйымдылығы: шамамен 58 000

Командалар: «Реал Мадрид» — «Аталанта»

Нәтиже: 2:0

Федерико Вальверде мен Килиан Мбаппе гол соғып, «Реал Мадрид» футболшылары кезекті трофейін бастарынан жоғары көтерді. Бұл мадридтік клубтың Суперкубоктағы алтыншы жеңісі ретінде тіркелді. Матч Варшавадағы National Stadium-да өтті.

2025 жыл — Stadio Friuli, Удине

Стадион: Stadio Friuli

Қала: Удине, Италия

Сыйымдылығы: шамамен 25 000

Командалар: ПСЖ — «Тоттенхэм»

Нәтиже: 2:2, пенальтиде 4:3

«Тоттенхэм» матч барысында 2:0 есебімен алға шыққанымен, ПСЖ ойын соңында таразы басын теңестірді. Пенальти сериясында париждік клуб 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ПСЖ тарихында алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алды.

2026 жыл — Stadion Salzburg, Зальцбург

Стадион: Stadion Salzburg

Қала: Зальцбург, Аустрия

Сыйымдылығы: 28 500

Командалар: ПСЖ — «Астон Вилла»

Нәтиже: 2:1

2026 жылғы Суперкубок Зальцбургте өтті. ПСЖ «Астон Вилланы» 2:1 есебімен жеңіп, трофейді қатарынан екінші рет иеленді. UEFA матчқа арналған стадион сыйымдылығын 28 500 орын деп көрсеткен.

Қорытындылай келе, 2013–2026 жылдар аралығында ең үлкен сыйымдылығы бар стадиондардың бірі — Будапешттегі Puskás Aréna болды. Ал ең кіші стадион Таллинде тіркелді — шамамен 13 мың орын.

Басты жаңалықтар

ҚПЛ  8 қараша, 13:37

Айбек Қабылша: «Жеңіс» «Қайсардан» Кубокты «беруді» сұрады

1
ҚПЛ  8 қараша, 10:28

«Ақтөбе» легионері: «Ордабасымен» өткен ойынды ұмытқым келеді

2
Халықаралық футбол  7 қараша, 22:18

«Бернли» 4:1 есебімен алда тұрып, жеңіліс тапты: Сәтпаев ойынға қатыспады

3
ҚПЛ  7 қараша, 18:57

«ҚПЛ-дан ұшқанымыз ауыр соққы болды»: «Қайсар» бапкері – кубок финалы мен Мозес жайлы

4
ҚПЛ  7 қараша, 17:56

«Ордабасы» Қазақстан кубогының иегері атанды

5
ҚПЛ  7 қараша, 15:16

«Ордабасы» мен «Қайсардың» Қазақстан кубогының финалына негізгі құрамдары белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25