Матч орталығы
«Ордабасы» мен «Қайсардың» Қазақстан кубогының финалына негізгі құрамдары белгілі болды
7 қараша, 15:16

Шымкенттік «Ордабасы» мен қызылордалық «Қайсардың» бапкерлер штабы 2026 жылғы Қазақстан кубогының шешуші матчына шығатын алғашқы он бір ойыншыны анықтады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Матчтың алғашқы минуттарынан алаңға келесі футболшылар шығады:
«Ордабасы»: Төлепберген, Малый, С. Астанов, Әмір, Аманович, Килама, Натель Виера, Йонсен, Кейта, Абагна, Э. Астанов;
«Қайсар»: Салайдин, Ыдырысов, Асқаров, Тәжібай, Қалдыбеков, Цуцкич, Эваристо, Маседо, Эзекиель, Ағзамбаев, Мұхамед.
Айта кетейік, ел кубогы сарапқа салынатын финалдық бәсеке бүгін «Түркістан Арена» стадионында өтеді және Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Шымкенттік ұжым бұл кездесуге КПЛ-2026 маусымының қолданыстағы чемпионы мәртебесінде келіп отыр, ал қызылордалықтар аяқталған маусымның қорытындысы бойынша жоғары дивизионнан Бірінші лигаға түсіп қалды. Командалардың 11 қазан күні Қызылордада чемпионат аясында өткен соңғы бетпе-бет кездесуінде «Ордабасы» 4:1 есебімен сенімді жеңіске жеткен болатын.
Ахмет Ержанов