Матч орталығы
«ҚПЛ-дан ұшқанымыз ауыр соққы болды»: «Қайсар» бапкері – кубок финалы мен Мозес жайлы
7 қараша, 18:57

Фото: Виктор Мозес
Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкерінің көмекшісі Дмитрий Карпов Қазақстан кубогының финалында «Ордабасымен» болған ойынды қорытындылады, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Команданы бүгін ғана емес, бүкіл маусым бойы қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Олардың алдында ұятқа қалдық, сол үшін кешірім сұраймыз.
Ойынға келсек, біз «Ордабасының» қаншалықты мықты екенін білдік. Олар лайықты түрде алтын дубль жасады. Бүгінгі ойынның финал, шешуші матч екенін және маңыздылығын түсіндік. Мұнда тек тактика мен физика ғана емес, психология да маңызды рөл атқарады. ҚПЛ-дан ұшып кеткеніміз психологиялық тұрғыдан ауыр соққы болып тиді. Бұл мәселені еңсеруге тырыстық, бірақ қолымыздан келмеді. «Ордабасы» командасын бүгінгі жеңісімен құттықтаймын», – деді Карпов.
Бапкер сондай-ақ бүгінгі матчқа Виктор Мозестің қатыспау себебін түсіндірді:
«Виктор Мозес таңертеңнен бері өзін жайсыз сезінді. Сондықтан бүгінгі ойынға қатыса алмайтынын айтты».
Қазақстан кубогының финалында «қасқырлар» «Ордабасыдан» 1:4 есебімен жеңілді.
Виктор Мозес бұл матчқа шақыту алған футболщыдардың қатарында болғанымен, алаңға да, марараттау рәсіміне де шықпады. «Қайсар» ҚПЛ-дан ұшып кеткендіктен, бірінші лигадағы легионерлер лимитіне байланысты барлық шетелдік футболшылармен қоштасады.
Ернар Ламқадыров