Матч орталығы
БАҚ: Дастан Сәтпаев «Челсидің» негізгі командасының жаттығуында көрінбеді
13 тамыз, 12:44

Лондондық «Челси» алдағы матчтарға дайындық аясында кезекті жаттығу жиынын өткізді.
Негізгі команданың бүгінгі жаттығуынан түсірілген ресми фото және видеоматериалдарда бірнеше негізгі ойыншы байқалмады, деп хабарлайды ASnews.kz.
Кадрға Лиам Делап, Николас Джексон, Тосин Адарабиойо, Мамаду Сарр және Аарон Ансельмино түскен жоқ.
Эммануэль Эмега жуырда алған жарақатына байланысты жалпы топтағы жаттығуды өткізіп алды. Нәтижесінде форвард қатарға жаңадан қосылған футболшылармен бірге жеңілдетілген бағдарлама бойынша жаттыққан еді.
Бенуа Бадьяшиль, Аксель Дисаси және Марк Гиу осы жазда негізгі командамен мүлдем жаттыққан жоқ, өйткені «ақсүйектер» басшылығы оларды сату нұсқаларын белсенді түрде іздестіруде.
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев, сондай-ақ Омари Келлиман және басқа да жас футболшылар негізгі құрамдағы жұмыс кезеңін аяқтап, академияға оралған сияқты, деп жазады БАҚ.
Еске сала кетейік, 18 жастағы қазақстандық форвард лондондық клубқа 2026 жылдың шілде айында алматылық «Қайраттан» ресми түрде ауысқан болатын.
Жазғы-күзгі жиындар аясында «ақсүйектердің» бірінші командасы үшін төрт жолдастық кездесу өткізіп, бір гол соқты.
Негізгі құраммен маусымалды жиындар аяқталғаннан кейін футболшы тұрақты ойын практикасын алу үшін еуропалық клубтардың біріне жалға берілуі мүмкін. Бұл ретте ҚПЛ-ға қайта оралу нұсқасын ойыншының жақындары толықтай жоққа шығарды.
Сәтпаевтың жанұясы қауесетті жоққа шығарды: «Челси» шабуылшысы «Қайратқа» оралмайды
Дастан Сәтпаев: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. «Челси» сапындағы алғашқы голы
Әлім Динасылов