Матч орталығы
Ойын арқылы үйрену: Астанада қыздарға арналған халықаралық UEFA Playmakers бағдарламасы басталды
10 қараша, 22:19

Қазақстан астанасында балалар арасында футболды насихаттауға бағытталған UEFA Playmakers бағдарламасы аясында жаттықтырушыларға арналған оқыту курсы өз жұмысын бастады. Бұл шараға «Астана» әйелдер футбол клубының ойыншылары мен тәлімгерлері қатысуда, деп хабарлайды ASnews.kz.
Интенсивке қатысушылар бағдарламаның құрылымымен және негізгі әдістемелік бағыттарымен егжей-тегжейлі танысты. Сабақ барысында «Әңгіме арқылы үйрету өнері», ыңғайлы дамыту ортасын қалыптастыру, сондай-ақ эго-бағдарланған (Ego-oriented) және тапсырмаға бағдарланған (Task-oriented) тәсілдерді талдауға ерекше назар аударылды.
Еске сала кетейік, UEFA Playmakers халықаралық бағдарламасы 5 пен 12 жас аралығындағы қыздарды футболға баулу және олардың спортқа деген тұрақты қызығушылығын ояту үшін танымал Disney анимациялық фильмдерінің сюжеттерін пайдаланады.
Сондай-ақ, павлодарлық «Ертістің» жаңа демеушілері белгілі болды.
Ахмет Ержанов