Матч орталығы
«Тобыл» шабуылдағы көшбасшыларының бірімен келісімшартты ұзартты
10 қараша, 20:00

Фото: Жасұлан Жұмашев
Қостанайлық «Тобыл» 24 жастағы жартылай қорғаушы Жасұлан Жұмашевпен келісімшарт мерзімін ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды ASnews.kz.
Хавбекпен жаңа келісім 2027 жылдың соңына дейін есептелген.
Жұмашев – қостанайлық футбол мектебінің түлегі, ол негізгі команда сапында Премьер-лигада алғаш рет 2020 жылы өнер көрсеткен еді. Өткен маусымда жартылай қорғаушы шабуылдағы ең нәтижелі ойыншылардың бірі ретінде өзін мойындатты: барлық турнирдегі 24 матчта 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
«Гол + пас» жүйесі бойынша (11 ұпай) Жұмашев «Тобылда» екінші көрсеткішке ие болып, тек 13+3 ұпай жинаған сербиялық шабуылшы Урош Миловановичке ғана жол берді.
Еске салсақ, 2026 жылғы маусымның қорытындысы бойынша «Тобыл» 41 ұпай еншілеп, ҚПЛ турнирлік кестесін жетінші орында аяқтаған болатын.
Ахмет Ержанов