Матч орталығы
«Ордабасы» «Юнион Сент-Жиллуаздың» бұрынғы бапкерімен келіссөз жүргізіп жатыр
10 қараша, 17:15

Фото: «Ордабасы» ФК
Шымкенттік «Ордабасы» бельгиялық «Юнион Сент-Жиллуаздың» бұрынғы бапкерлерінің бірін бас бапкер етіп тағайындауы мүмкін, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Ордабасыға» бельгиялық ұжымның трансферлік саясаттағы ұстанымы мен алаңдағы ойын стилі қатты ұнайды. Әңгіме жастармен және әлеуеті толық ашылмаған футболшылармен жұмыс істей білетін, сондай-ақ трансфер нарығында заманауи технологияларды тиімді қолданатын маман туралы болып отыр.
Еске салсақ, «Юнион Сент-Жиллуаз» 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде нағыз сенсация жасаған еді. Бельгиялықтар турнирді 27-орында аяқтағанымен, үш жарқын жеңіске қол жеткізді: сырт алаңда ПСВ-ны (3:1) мен «Галатасарайды» (1:0), ал өз алаңында «Аталантаны» (1:0) тізе бүктірді. Сондай-ақ клуб финалда «Андерлехтті» қосымша уақытта 3:1 есебімен ұтып, 2025/26 жылғы Бельгия Кубогын жеңіп алды.
Айта кетейік, «Ордабасы» клуб тарихындағы алғашқы алтын дубльді сыйлаған Андрей Мартинмен келісімшартты ұзарту бойынша ортақ мәмілеге келе алмады. Шымкенттіктер 2027/28 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.
Андрей Мартиннің «Ордабасыдан» кетуінің негізгі себебі белгілі болды
Ахмет Ержанов