Матч орталығы
Дәулетов «Генкке» қарсыласын ойсырата жеңуге көмектесті
26 қаңтар, 14:31

Фото: Шахмұрат Дәулетов
«Генк» клубының 16 жастағы қазақстандық вингері Шахмұрат Даулетов Бельгия чемпионатында «Сент-Трюйденмен» болған матчқа қатысты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қапталдағы шабуылшы ел біріншілігінің 12-туры аясындағы ойынға қатысып, екінші таймда алаңға шықты. Турнир кестесінің соңында тұрған қонақтар бес голға да жауап қайтара алмай, ірі есеппен жеңілді (5:0). Осылайша «Генк» жеңіліссіз сериясын жалғастырды.
Маусымның шымылдық ашар матчында Даулетовтың командасы дәл осы ««Сент-Трюйденді» 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.
«Генк» әлі де болса «Брюггені» өкшелеп келеді және Дәулетовтың командасында артық бір ойын бар. Сенбі күні команда «Андерлехтпен» кездеседі.
Әлім Динасылов