Қазақстандық блогер «Манчестер Юнайтед» пен «Лидстен» шақырту алды
25 қаңтар, 17:36

Фото: Әлімжан Тасболатұлы
Блогер және комментатор Әлімжан Тасболатұлы бірден екі ағылшын клубы – «Манчестер Юнайтед» пен «Лидстен» ресми шақырту алды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Сапар бағдарламасына матчтарға бару, стадиондарды аралау, сондай-ақ екі команданың клубтық базаларына экскурсия жасау кіреді. Блогер қазақстандық аудитория үшін эксклюзивті контент түсіреді.
Медиа кеңістікте Әлімжан футбол оқиғаларына шолу жасайтын танымал Alim Live ютуб-арнасының авторы ретінде белгілі. Бұған дейін Тасболатұлы 2024 жылғы «Үздік спорт журналисі» номинациясы бойынша сыйлықтың жеңімпазы атанған.
Айта кетейік, Әлімжанның АПЛ клубтарымен жұмыс істеу тәжірибесі бар. 2024 жылы ол лондондық «Челсиден» шақырту алып, «ақсүйектер» үшін түсірілімге қатысқан алғашқы қазақстандық атанды.
Әлім Динасылов