Матч орталығы
«Жеңістің» экс-ойыншысы – Кенжебектің «Ахматқа» ауысуы жайлы: оны Еуропа күтіп тұр
12 қаңтар, 19:22

Фото: Ғалымжан Кенжебек
Елордалық «Жеңістің» бұрынғы қорғаушысы Матия Ром ASnews.kz сайтына берген сұхбатында бұрынғы клубтасы Ғалымжан Кенжебектің грозныйлық «Ахматқа» ауысуына қатысты пікір білдірді. Словениялық футболшы РПЛ қазақстандық үшін тамаша трамплин болатынына сенімді.
«Годи өте жақсы ойыншы болып қалыптасты. Меніңше, «Ахматқа» ауысу арқылы ол спорттық жағынан да, қаржылық жағынан да дұрыс шешім қабылдады. Сіз айтқан басқа лигаларға қарағанда, ол жақта бейімделу әлдеқайда жеңіл өтеді. Егер ол РПЛ-дa дамуын жалғастырса, онда сол жақтағы топ-команда немесе Еуропа чемпионаты оны сөзсіз күтеді. Ол үшін Ғалымжанда барлық мүмкіндік бар. Оған сәттілік тілеймін», – деді словен футболшысы.
Еске салайық, шешенстандық клуб Қазақстан құрамасының 22 жастағы вингерімен 4,5 жылға келісімшарт жасасқанын ресми хабарлаған болатын.
Матия Ром Кенжебектің қабілеттерімен жақсы таныс: 2024 жылғы маусымда олар «Жеңіс» сапында бірге 13 матч өткізген.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов