«Валенсиядағы» қазақстандықтар: академияның үздіктері гол соғудан жарысуда
10 қаңтар, 13:02
Фото: Назар Доля (сол жағында) және Ғабидолла Оразалы (оң жағында)
Қазақстандық жас футболшылар Ғабидолла Оразалы мен Назар Доля испаниялық «Валенсия» академиясында нәтижелі ойын көрсетіп жүр, деп хабарлайды ASnews.kz.
13 жастағы Ғабидолла шабуылдың сол қапталында өнер көрсетеді. Бұған дейін «Айбын» мен «Астанада» ойнаған ол MICFootball 2025 халықаралық турнирінің алтын жүлдегері атанып, The Carnaval Cup жарысының үздік ойыншысы болған. Осы маусымда «жарқанаттар» сапында 14 матчта 11 гол соқты.
Айта кетейік, Ғабидолла LALIGA Futures жарысына да қатысқан. Онда қонақ ретінде «Интер», «Ювентус» және ПСЖ секілді грандтар бақ сынаған болатын. Вингер антропометриялық деректерімен ерекшеленеді: өз жасында бойы 175 сантиметрге жуықтаған.
Назар Доля – Орал қаласының тумасы, 12 жаста. Ол да шабуыл шебінде ойнайды. «Валенсияға» ауысқанға дейін «Леванте» жүйесінде тәлім алған. Қазіргі таңда 8 ойында соғылған 3 голы бар. Назар Испанияда әжесімен бірге тұрады және тілді жетік меңгерген. Ол Оразалыдан бір жас кіші топта өнер көрсетеді.
Еске салайық, Валенсия аймағындағы түрлі командаларда тағы бірнеше отандасымыз доп тебеді: Сәлім Хасанов («Вильярреал»), Әлижан Юн («Эльче»), Алдияр Нұрғали және Шыңғыс Қалиев (екеуі де – «Леванте»).
«Әлем чемпионатын армандаймын»: «Левантедегі» Нұрғали – Ла Лигадағы дебюті және Сәтпаев туралы.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Беларусь сарапшысы – Громыконың «Қайраттан» кетуі жайлы: Еуропаға бармай, ақшаны таңдады
1Салибамен ойнаған және Рибериді еске түсіретін Ндомбази – «Каспий» үшін топ-трансфер
2Әліп – «Зенит» жанкүйерлерімен қарым-қатынасы туралы: Петербург көшелерінде жиі таниды
3Турнирлік кесте
Ақтөбе
Астана
Қызылжар
Қайрат
Ертіс
Ордабасы
Елімай
Жеңіс
Қайсар
Оқжетпес
Атырау
Ұлытау
Каспий
Алтай
Тобыл
Жетісу
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Челси
Ливерпуль
Брентфорд
Эвертон
Борнмут
Фулхэм
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Кристал Пэлас
Брайтон
Лидс
Тоттенхэм
Ноттингем Форест
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Атлетико Мадрид
Вильярреал
Бетис
Сельта
Эспаньол
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Валенсия
Райо Вальекано
Севилья
Жирона
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Хоффенхайм
Штутгарт
РБ Лейпциг
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Аугсбург
Гамбург
Унион Берлин
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Майнц
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Рома
Ювентус
Аталанта
Болонья
Сассуоло
Лацио
Удинезе
Парма
Дженоа
Кальяри
Торино
Лечче
Фиорентина
Кремонезе
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Ренн
Лилль
Монако
Страсбур
Брест
Лорьян
Анже
Тулуза
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлишер Аманжол