Матч орталығы
Мәулен – Чесноковтың трансфері жайлы: «Хартс» арқылы Англияға жол ашылады
7 қаңтар, 16:55

Фото: Ислам Чесноков
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы баспасөз хатшысы әрі белгілі журналист Ермұхамед Мәулен ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ислам Чесноковтың шотландиялық «Хартсқа» ауысуына қатысты пікір білдірді.
«Исламның «Хартс» командасына ауысқанына барлық қазақстандық футбол функционерлері мен жанкүйерлері қуанып жатыр. Шотландия чемпионатында да енді біздің футболшымыз өнер көрсетеді. Бұл – Ұлыбритания. Биыл «Хартстың» чемпиондыққа мүмкіндігі бар, олар үнемі еурокубокта ойнайды.
Әлбетте, Ислам осыған дейін кетуі тиіс еді. Бұл трансфер ұзаққа созылды. Енді барлығымыз да «Хартсқа» жанкүйер боламыз, Исламға сенеміз және әрбір ойынын бақылаймыз. Шотландия чемпионаты – Чесноковтың деңгейіне сай. «Хартс» арқылы ол «Глазго Рейнджерс» немесе «Селтикке» ауысып, ары қарай Англияға да көшуі мүмкін», – деді журналист.
Еске салайық, жақында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ислам Чесноков ресми түрде шотландиялық «Хартс» сапына қосылды.
Бұған дейін Чесноковтың агенті «Хартсқа» ауысуына қатысты пікір білдірді.
Басты жаңалықтар
Халықаралық футбол 28 қазан, 10:58
Сәтпаевтың клубы ұшып кетуден аман қала ма? «Бернлидің» Чемпионшиптегі қорытынды орнына болжам айтылды
1ҚПЛ 28 қазан, 08:14
«Холанд «Ситиде», ал мен «Ордабасыдамын»: Бьорн Йонсен Норвегия құрамасына оралу мүмкіндігін бағалады
2Турнирлік кесте
Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
Ұпай
1
68
2
64
3
53
4
51
5
46
6
45
7
41
8
35
9
33
10
33
11
30
12
29
13
27
14
27
15
26
16
25
Әлім Динасылов