Қазақстан құрамасының экс-форварды – Ван ’т Схип туралы: неге құрамды үнемі ауыстыра береді?
16 қараша, 08:31

Фото: Джон ван 'т Схип
«Қайрат» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Схиптің жұмысына қатысты сыни пікірін білдірді.
«Ең үлкен қателік – үнемі ротация жасауда. Бұл оқу-жаттығу жиындары емес, ресми ойындар. Егер әр матчта алаңға жаңа құрам шығатын болса, қандай үйлесімділік туралы айтуға болады?», – деді Тұрысбек.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің бесінші турында сырт алаңда Молдоваға есе жіберген болатын (1:2). Турнир аясындағы қорытынды матч Словакияға қарсы 16 қарашада «Астана Аренада» өтеді.
Бауыржан Тұрысбек – «Қайрат», «Тобыл» және «Жетісу» клубтарының бұрынғы шабуылшысы. 35 жастағы футболшы ұлттық құрама сапында 14 матч өткізіп, үш гол соққан.
Әлишер Аманжол