«Қиын ойын күтіп тұр»: Владимир Вайсс – Қазақстанға қарсы матч туралы

15 қараша, 17:49

«Қиын ойын күтіп тұр»: Владимир Вайсс – Қазақстанға қарсы матч туралы

Фото: Владимир Вайсс

Словакия ұлттық құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасының алтыншы туры аясындағы Қазақстан командасына қарсы кездесуден не күтетінін айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.

«Мен мұнда үш жылға жуық жұмыс істедім, сондықтан қазақстандық команданың жартысына жуығын жақсы білемін. Көптеген жігіттер клубтық деңгейде – алматылық «Қайратта» менің қол астымнан өтті. Сондықтан «Қайратты» жаттықтырған кезде бірге жұмыс істеген Исламхан, Қуат және басқа да футболшылардың қабілетін жақсы білемін. Екінші жағынан, талантты футболшылар көп – қазақ футболының жақсы буыны өсіп шықты. Соңғы он жылда Қазақстанда футбол деңгейі көтерілді – бұл анық байқалады. Елдеріңізге қайта оралғаныма қуаныштымын, өйткені үш жыл ішінде бұл ел маған өте көп нәрсе берді.

Ертең бізді қиын ойын күтіп тұр деп ойлаймын, себебі Қазақстан жетістікке жеткісі келеді, өйткені топта әлі жеңіске жеткен жоқ. Біз топта бірінші орын алсақ та, бұл кездесу жолдастық матч сияқты болмайды – біз де ұпай алғымыз келеді», – деді Вайсс.

Еске сала кетейік, 13 қарашада Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бесінші турында сырт алаңда Молдоваға есе жіберіп (1:2), екі ұпаймен C3 тобында соңғы, төртінші орында тұр.

Өз кезегінде, 11 ұпай жинаған Словакия командасы төрттікте сенімді көш бастап тұр және B дивизионына жолдаманы қамтамасыз етіп қойды. Турнир аясындағы Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы қорытынды матч ертең, 16 қарашада «Астана Арена» стадионында өтеді – ойын Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Қазақстан—Словакия: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады

Басты жаңалықтар

Ұлттық құрама  15 қараша, 17:49

«Қиын ойын күтіп тұр»: Владимир Вайсс – Қазақстанға қарсы матч туралы

1
Ұлттық құрама  15 қараша, 16:23

«Әртүрлі ойнаймыз»: Еркін Тапалов Қазақстан құрамасындағы Джон ван ’т Схиптің тактикасы туралы айтты

2
Ұлттық құрама  15 қараша, 16:02

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық матчта Беларусьтен тағы да жеңіліс тапты

3
Ұлттық құрама  15 қараша, 13:18

Қазақстан—Словакия: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады

4
ҚПЛ  15 қараша, 12:41

«Ордабасы» шетелдік шабуылшысымен қоштасады

5
Халықаралық футбол  15 қараша, 10:50

Қазақстандық футболшының Еуропаға ауысуы қиынға соғуы мүмкін: толығырақ

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
30
21
5
4
36
68
2
ҚайратҚайрат
30
19
8
3
37
65
3
АстанаАстана
30
15
9
6
17
54
4
ОқжетпесОқжетпес
30
16
6
8
11
54
5
АқтөбеАқтөбе
30
14
7
9
8
49
6
ЕлімайЕлімай
30
12
9
9
-1
45
7
ТобылТобыл
30
12
5
13
0
41
8
ЖеңісЖеңіс
30
9
9
12
-8
36
9
ҰлытауҰлытау
30
9
8
13
-11
35
10
ҚызылжарҚызылжар
30
9
6
15
-11
33
11
КаспийКаспий
30
9
6
15
-12
33
12
ЕртісЕртіс
30
8
8
14
-13
32
13
АтырауАтырау
30
6
12
12
-8
30
14
АлтайАлтай
30
6
10
14
-11
28
15
ЖетісуЖетісу
30
6
9
15
-18
27
16
ҚайсарҚайсар
30
4
13
13
-16
25