Матч орталығы
Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы: футболшылар Ван ’т Схипке бойкот жариялады
14 қараша, 15:36

Фото: Джон ван 'т Схип
«Ордабасы» мен Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Алмат Бекбаев ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ұлттық құраманың Ұлттар лигасы аясындағы Молдоваға қарсы матчындағы (1:2) ойынын бағалады.
«Бұрынғы футболшы ретінде жақсы білемін: біреудің басшылығымен ойнағың келмеген кезде осындай әрекеттерге барасың. Бұл ұжымдық бойкот сияқты көрінеді және ол үйдегі матчтарда-ақ байқалған еді. Ойыншылар «Эй, жоғарыдағы жігіттер! Бізге бұл бапкер қажет емес – оны ауыстырыңдар» деп жатқандай. Мүмкін, бұл месседж ҚФФ президентіне қатысты болар, яғни «Оның (Омаровтың) басқарғанын қаламаймыз» деген сияқты. Ол келгелі бері бізде бәрі сәтсіз жүріп жатыр. Расында, құрама рейтингте сол баяғы орнында тұрғанымен, футболдың жағдайы мәз емес», – деді сарапшы.
Сонымен қатар, Бекбаев команда бапкерінен де жауапкершілікті алып тастамайды:
«Ван ’т Схиптің әлсіз әрі біліксіз бапкер екеніне кәміл сенімдімін. Кейбір футболшылар оны аудармашысыз түсінетін шығар, бірақ тілдік кедергі бар. Мен онда голландиялық әдістемені көре алмадым: допқа иелік ету де, мықты қорғаныс та, стандартты жағдайлар да жоқ – ештеңе жоқ», – деп қосты ол.
Еске сала кетейік, Ұлттар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясындағы кездесу Молдованың 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-оффқа шығудың теориялық мүмкіндігінен де айырылып қалды.
Джон ван ’т Схип ұлттық құраманы биылғы жылдың тамыз айында басқарған болатын. «Аякс» пен Греция құрамасының бұрынғы бапкерінің жетекшілігімен команда бес ойында бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ.
Ұлан Қонысбаев: рейтингте бізден 40 саты төмен тұрған елдің азаматы бізге футбол үйретіп жатыр
Әлишер Аманжол