Матч орталығы
Молдова—Қазақстан: Ұлттар лигасы матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады?
12 қараша, 13:08

Фото: Молдова—Қазақстан
13 қарашада Кишиневте Ұлттар лигасының бесінші туры аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдоваға қарсы ойнайды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Ойын алаңы және уақыты
Кездесу «Зимбру» спорт кешенінің аренасында өтеді. Матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады.
Тікелей трансляция
Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, сондай-ақ онлайн-трансляция арнаның ресми сайтында қолжетімді. Бұдан бөлек, кездесуді Freedom Media, Okko және «Кинопоиск» стримингтік платформаларынан тамашалауға болады.
Командалардың бабы
Төрт турдан кейін C3 тобында қазақстандықтар екі ұпаймен турнир кестесінің соңында келеді (екі тең ойын және екі жеңіліс). Алаң иелері төрт ұпай жинап, Фарер аралдарымен екінші орынды бөлісіп тұр, ал квартеттің айқын көшбасшысы — Словакия (10 ұпай).
Биылғы турнирде Джон ван ‘т Схип шәкірттері әлі жеңіске жеткен жоқ: словактарға есе жіберіп (1:2), фарерліктермен екі рет тең түсті (2:2 және 1:1). Алдағы қарсыласқа қарсы бірінші айналымдағы ойын да өкінішті аяқталды: Астанада ұлттық құрама күтпеген жерден 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, сол табысқа дейін молдовалықтар қатарынан 17 матч бойы ұта алмай келген еді.
Бұл құрамалардың өзара кездесулері әрқашан тартысы өтеді. 2022 жылғы Ұлттар лигасының өтпелі ойындарын еске алудың өзі жеткілікті: ол кезде біздің команда келесі кезеңге тек пенальти сериясында ғана өтті (сырт алаңда 2:1 және өз алаңында 0:1).
Ахмет Ержанов