Балық зауытының жұмысшысы мен фитнес-бапкер: Қазақстан кімнен ұтылуға жақын болды?

8 қазан, 15:30

Балық зауытының жұмысшысы мен фитнес-бапкер: Қазақстан кімнен ұтылуға жақын болды?

Фото: Петур Кнудсен

Фарер аралдары құрамасы екі рет тең түсіп (Торсхавнда 1:1 және Астанада 2:2), Ұлттар лигасында Қазақстан үшін ең ыңғайсыз қарсыластардың біріне айналды. Қазақстандық ойыншылар толықтай кәсіби келісімшартпен өнер көрсетіп жүргенде, фарерлік команданың негізін халықаралық футболды қарапайым жұмыспен қатар алып жүрген адамдар құрайды.

ASnews.kz қазақстандықтарға қарсы алаңға нақты кімдер шыққанын көрсету үшін аралдық құраманың киім ауыстыратын бөлмесінен ең жарқын оқиғаларды жинады.

Балық зауыты және аты аңызға айналған бас киім: Петур Кнудсен (№11)

Ұлттар лигасының екі матчында да негізгі құрамда ойнаған шабуылшы Петур Кнудсен – құрамдағы ең керемет футбол тарихының иесі. Ол 1990 жылы Фарер аралдарының алғашқы ресми матчында Аустрияны (1:0) сенсациялық түрде жеңген, басына помпон тағылған жүн бөрік киіп шығатын аты аңызға айналған қақпашы Йенс Мартин Кнудсеннің ұлы. Ол кезде аға Кнудсен балық зауытында жүк тиегіштің жүргізушісі болып жұмыс істеген.

Бүгінде Петур әкесі және ағасымен бірге тұздалған балық экспорттайтын Vaðhorn зауытында еңбек етеді (әкесі бизнестің тең құрылтайшысы болып табылады). Бұдан бөлек, Петур АҚШ-та кәсіби түрде ойнаған алғашқы фарерлік (2023 жылы El Paso Locomotive сапында) ретінде тарихта қалды. Астанада Қазақстан құрамасының қақпасына (2:2) бірінші голды соққан да дәл осы ойыншы.

Петур Кнудсен

Жиһаз сатушысы және «шотландиялық»: Одмар Фере (капитан, №15)

36 жастағы ардагер Одмар Фере Қазақстанға қарсы барлық 180 минутты толық ойнады. Күнделікті өмірде құрама капитаны IDEmøblar/ILVA жиһаз салонында B2B-сатылым бойынша маман болып жұмыс істейді. Сонымен қатар, Одмардың фарерліктер үшін қалыпсыз өмірбаяны бар: оның әкесі (ол да құраманың бұрынғы ойыншысы) Шотландияда тіс дәрігері болып қызмет еткен. Кіші Фере Абердинде өсті, шотландиялық футбол академияларында тәрбиеленді және спорттық стипендиямен жергілікті университетте оқыды.

Одмар Фере

Электриктер бригадасы: Йоаннес Даниэльсен (№2) және Адриан Юстинуссен (№17)

Қазақстанға қарсы екі ойында да негізгі құрамда тұрақты шыққан оң қанат қорғаушысы Йоаннес Даниэльсен «Клаксвик» клубындағы матчтардан бос уақытында электрик болып жұмыс істейді.

Йоаннес Даниэльсен

Оның әріптесі Адриан Юстинуссен де фарерлік ХБ сапында ойнап жүргенде сым тартумен айналысқан, тек 2024 жылы даттық «Хиллерёдке» ауысқаннан кейін ғана толыққанды кәсіби футболшы атанды.

Адриан Юстинуссен

Бапкер, сауда өкілі және автодилер

Құраманың басқа ойыншылары да қарапайым жұмыстың не екенін жақсы біледі:

Гуннар Ватнхамар (№16): құраманың негізгі қорғаушысы даттық «Вайлеге» ауысқанға дейін Фарер аралдарында жеке фитнес-бапкер болып қосымша табыс тапқан.

Маттиас Ламхауге (№1): Астана мен Торсхавнда қақпа күзеткен құрама голкипері. Норвегиялық «Стрёмсгодсетке» кеткенге дейін сауда өкілі болып жұмыс істеген.

Вильйормур Давидсен: 92 матч өткізген құрама ардагері. Скандинавияда 11 жыл ойнап, жергілікті чемпионатқа оралғаннан кейін ашық дереккөздерге сүйенсек, автосалонда жұмыс істеп үлгерген. Астанадағы ойынның соңында алмасуға шықты.

Вильйормур Давидсен

Ұлттар лигасы топтық кезеңінің (C лигасы, 3-топ) төрт турының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы екі ұпаймен өз квартетінде соңғы орында келеді. Топ көшбасшысы – он ұпайы бар Словакия. Екінші және үшінші сатыларды төрт ұпайдан жинаған Фарер аралдары мен Молдова өзара бөлісіп тұр.

Қараша айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің қорытынды екі матчын өткізеді. 13 қарашада ұлттық құрама түзде Молдоваға қарсы ойнайды – матч Кишиневтегі «Зимбру» стадионында өтеді. Үш күннен кейін, 16 қарашада қазақстандықтар өз алаңында Словакияны қабылдайды.

Эксклюзив: Қазақстанға қарсы ойнаған Фарер аралдарының капитаны жиһаз сатушысы болып жұмыс істейді

Басты жаңалықтар

Басқа  8 қазан, 16:57

Тимур Турлов және ҚФФ: шешуші таңдау жасауы керек кандидат

1
Ұлттық құрама  8 қазан, 15:30

Балық зауытының жұмысшысы мен фитнес-бапкер: Қазақстан кімнен ұтылуға жақын болды?

2
Халықаралық футбол  8 қазан, 13:25

«Еңбек ақталды»: бельгиялық «Генк» 17 жастағы қазақстандықпен келісімшартқа отырғанын ресми мәлімдеді

3
Ұлттық құрама  8 қазан, 13:20

Эксклюзив: Қазақстанға қарсы ойнаған Фарер аралдарының капитаны жиһаз сатушысы болып жұмыс істейді

4
Ұлттық құрама  8 қазан, 11:30

«Кейде балағат сөз де керек»: ҚПЛ чемпионы Ван ’т Схип пен Қазақстанның Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі туралы

5
Халықаралық футбол  8 қазан, 08:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22