Матч орталығы
«Бізді ауыр шайқас күтіп тұр»: Челядник Қазақстан құрамасын бағалады
1 қазан, 18:53

Фото: Дмитрий Челядник
Молдова құрамасы мен «Қызылжар» қақпашысы Дмитрий Челядник матч алдындағы баспасөз мәслихатында Қазақстанға қарсы сырт алаңдағы ойыннан не күтетінін айтты, деп хабарлайды ASnews.kz.
Қазақстанның әлеуеті мен алдағы матч туралы
«Жол ауыр болды, бірақ бүгін өзімізді әлдеқайда жақсы сезініп отырмыз. Ертең бізді қиын ойын күтіп тұр, мықты құрамаға қарсы ойнаймыз. Мұндағы көптеген ойыншылардың жеке шеберлігі жоғары, олар Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді. Бізді ауыр шайқас күтіп тұр. Оң нәтижеге қол жеткізу үшін өте мұқият дайындалып, жүз пайыз күш салуымыз керек.
Ертең тартыс көп болады. Қазақстанда өте жақсы, шебер ойыншылар бар. Жақсы нәтижеге жету үшін біз бірліктегі команда болуымыз керек және қарсыласқа көп мүмкіндік жасатпауға тырысуымыз қажет. Біз сырт алаңда, «Астана Аренада» ойнаймыз, сондықтан бұл біз үшін ауыр матч болмақ».
Турнирлік жағдай мен ойынның маңыздылығы туралы
«Бұл топтағы әрбір ел үшін барлық қарсыластар қиын деп ойлаймын – Фарер аралдары да, Словакия да, Қазақстан да. Ешкімге оңай матч жоқ. Бәрі тек жеңіске көз тігіп отыр. Барлығы әрі қарай өтіп, В дивизионына көтерілгісі, табысқа жеткісі келеді. Оның үстіне, әзірге тек словактарда ғана жеңіс бар. Бізде де, сіздерде де, Фарер аралдарында да ол жоқ. Бұл матчтар – ұлттық құрама үшін шешуші кездесулер».
Еске сала кетейік, УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің үшінші тур матчы (С дивизионы, 3-топ) Қазақстан мен Молдова құрамалары арасында 2 қазанда Астанадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Кездесу жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-ге жоспарланған. Өзара ойын алдында екі команда да бір-бір ұпайдан жинап, төрттіктің турнирлік кестесін қорытындылап тұр.
Әлім Динасылов