Матч орталығы
«Қазақстанда қиын болады»: Словакия құрамасының экс-қорғаушысы Ұлттар лигасының өткен матчын бағалады
1 қазан, 12:39

Фото: Лукаш Тесак, via Getty Images
Словакия құрамасы мен алматылық «Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Лукаш Тесак ASnews.kz сайтына берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы Словакия мен Қазақстан ұлттық құрамалары арасындағы ойынды бағалады.
«Бірінші таймды көрдім. Бастысы – жеңіс. Егер қазақстандық ойыншыларға кеңістік берсең, қиындықтар туындайды, дәл солай болды да. Бірақ, құдайға шүкір, словактар жеңіске жетті. Бапкер Вайсс – мықты маман, міндет бәріне түсінікті, сондықтан жігіттер қатты қысыммен ойнап жүр. Бұрынғы клубтастарымды көргім келген: біреулерін көрдім, біреулерін көре алмадым. Словакия топта жеңіске жететініне сенемін, бірақ Қазақстанда ойнау өте қиынға соғады», – деді Тесак.
Еске сала кетейік, Ұлттар лигасының С дивизионындағы екінші турда Словакия құрамасы Кошицедегі өз алаңында Қазақстан командасын 2:1 есебімен ұтты. Қарсыластардың қарымта кездесуі 16 қарашада Астанада өтеді.
Лукаш Тесак 2016 жылы алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, клубпен бірге Қазақстан Суперкубогын жеңіп алған. Негізгі Словакия құрамасы үшін қорғаушы 4 матч өткізді.
«Молдованы оңай жеңеміз деп айту – қате пікір»: ҚПЛ экс-шабуылшысы эксперттерге жауап қайтарды
Ахмет Ержанов