Матч орталығы
«Словакияны өз алаңымызда таңғалдырамыз»: комментатор Қазақстанның Ұлттар лигасындағы ойынын оң бағалады
30 қыркүйек, 17:44

Фото: Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
Qazsport телеарнасының спорт журналисі әрі комментаторы Димаш Төлегенов ASnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ұлттар лигасы аясындағы Словакия мен Қазақстан (2:1) арасындағы матчты қорытындылады.
Нидерландтық бапкер батылдық танытты ма?
«Қазақстанның сырт алаңда аса сәтті ойнамайтынын, ал Еуропаның топ-лигаларында өнер көрсететін футболшылары бар Словакияның айқын фаворит екенін ескерсек, команданың екінші нөмірмен ойнайтыны түсінікті еді. Егер өтінімдегі ойыншылардың жалпы құнын салыстыратын болсақ, қарсыластың басымдығы тіпті он есе көп болды.
Бірақ, аса позитивті емес болжамдарға қарамастан, Ван ’т Схип үш қорғаушысы бар схемаға ауысқан жоқ. Алдағы әлеуетімізді төрт матчтан тұратын циклден кейін, құраманың өз алаңында қалай өнер көрсететінін көргенде бағалауға болады».
Ұлттық құрама жұлдыздарының басы бірігер емес
«Әрине, жарақаттар құрамға кері әсерін тигізді. Қаншама жетекші ойыншылар болған жоқ: Дастан Сәтпаев, Максим Самородов... Жеке шеберліктері бойынша олар – командадағы ең мықтылар. Ислам Чесноков пен Әлібек Қасым ойынға әр алуандық қосар еді, ал Бақтиёр Зайнутдинов туралы тіпті айтпай-ақ қояйын – бұл ел тарихындағы ең сапалы футболшылардың бірі.
Оның ұзақ уақыт бойы саптан шығып қалуы қынжылтады. Жуырда біздің «дрим-тим» ақыры бас қосады деп үміттенемін», – деді Төлегенов.
Қазақстан неліктен есе қайтара алады?
«Өз алаңымызда словактарға қарсы мүмкіндіктер болады. Қазақстан үйде және түзде – екі түрлі команда, бұл құрама үшін мақтау да, кемшілік те. Барынша қолайлы жағдайда біз оларды таңғалдыра аламыз деп сенемін, оның үстіне кеше тең нәтижені жұлып алуға мүмкіндік болды. Бұл қарсыласпен өтетін ойында қорқатын ештеңе жоқ», – деп қосты ол.
Еске сала кетейік, Қазақстан Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі екінші турдың сырт алаңдағы матчында Словакияға жол берді. Ұлттық құрама сапындағы жалғыз голдың авторы «Астананың» 27 жастағы шабуылшысы Рамазан Кәрімов атанды.
Джон ван ’т Схиптің командасы алдағы екі ойынын елордада өткізеді. 2 қазанда Молдованы қабылдаса, 6-сы күні осыған дейін тең түскен (1:1) Фарер аралдарымен ойнайды.
Әлишер Аманжол