Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері «Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы матчқа барады

8 тамыз, 20:12

Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері «Астана» мен «Оқжетпес» арасындағы матчқа барады

Фото: Джон ван 'т Схип

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип ҚПЛ-дың 21-туры аясындағы «Астана» мен көкшетаулық «Оқжетпес» арасындағы матчты тамашалайды. Кездесу 9 тамыз күні елордада өтеді, деп хабарлайды ASnews.kz.

Жарыс кестесіндегі көршілер («Астана» үшінші орында келе жатса, «Оқжетпес» төртінші сатыға жайғасқан) арасындағы бұл ойынды нидерландылық маман ұлттық құрамаға кандидаттарды қарау аясында тамашаламақ.

Елордада өтетін кездесу бапкердің жеке өзі трибунадан тамашалайтын екінші матч болмақ. Ван ’т Схип Қазақстанға келген соң алғаш рет Талдықорғанда өткен 21-турдың «Жетісу»—«Ордабасы» (0:4) кездесуіне барған болатын.

ҚФФ нидерландылық бапкерді ресми түрде 7 тамызда таныстырды. Келісімшартқа ресми түрде қол қою жақын күндері өтетін федерацияның Атқарушы комитетінің отырысынан кейін жүзеге асады.

Ван ’т Схиппен бірге ұлттық құрамада ассистенттер Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов, қақпашылар бапкері Юрий Новиков, дене дайындығы жөніндегі бапкер Вадим Боровский және аналитик Тимур Құсайынов жұмыс істейді.

Қазақстан құрамасы қыркүйек айында-ақ Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі жорығын бастап, Словакия, Фарер аралдары және Молдоваға қарсы ойнайды.

«Әркім өз елінің намысын қорғағысы келеді»: «Оқжетпестің» көшбасшысы – ұлттық құрамаға шақырту алу мүмкіндігі жайлы

Джон ван 'т Схип: өмірбаяны, толық ақпарат, жалақысы, жеке өмірі. Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері

Басты жаңалықтар

Халықаралық футбол  7 қазан, 17:33

Бес ойыншысы жоқ, Сәтпаев әзірге белгісіз: «Бернлиде» жарақат алғандардың жағдайы белгілі болды

1
Халықаралық футбол  7 қазан, 15:36

Қазақстандық шабуылшы Еуропаның танымал клубымен келісімшартқа отырды

2
Ұлттық құрама  7 қазан, 13:48

Мәулен – ұлттық құрама бапкері жайлы: жаңа бапкерді Югославия жақтан қарастыру керек

3
Ұлттық құрама  7 қазан, 12:24

«Электриктер мен жиһаз сатушылар»: фарерлік экс-футболшы Қазақстанның кіммен тең ойнағанын айтып берді

4
Ұлттық құрама  7 қазан, 11:49

Белгілі футбол функционері: Қазақстан құрамасын қайта құру қажет

5
Ұлттық құрама  7 қазан, 09:34

ҚФФ президенті Марат Омаров Қазақстан құрамасының сәтсіздіктері аясында инстаграм-аккаунтын өшіріп тастады

6
Барлық жаңалықтар

Турнирлік кесте

Қазақстан Премьер-Лигасы
#
Команда
О
Ж
Т
Ұ
+/-
Ұпай
1
ОрдабасыОрдабасы
26
19
4
3
33
61
2
ҚайратҚайрат
26
17
6
3
31
57
3
АстанаАстана
25
14
6
5
17
48
4
ОқжетпесОқжетпес
26
13
6
7
6
45
5
АқтөбеАқтөбе
26
12
6
8
7
42
6
ЕлімайЕлімай
25
10
8
7
2
38
7
ТобылТобыл
26
10
4
12
-2
34
8
ҰлытауҰлытау
26
8
8
10
-8
32
9
ЖеңісЖеңіс
26
8
8
10
-6
32
10
КаспийКаспий
26
8
5
13
-9
29
11
ЕртісЕртіс
25
6
8
11
-8
26
12
АлтайАлтай
26
6
7
13
-10
25
13
ҚайсарҚайсар
26
4
12
10
-11
24
14
ҚызылжарҚызылжар
26
6
6
14
-14
24
15
АтырауАтырау
25
4
11
10
-10
23
16
ЖетісуЖетісу
26
5
7
14
-18
22