Намибия қақпасына гол соққан Вороговский: Комор аралдарымен өтетін ойынға жақсырақ дайындаламыз
25 наурыз, 21:30
Фото: Ян Вороговский
Намибияға қарсы жеңісті матчта (2:0) есеп ашқан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ян Вороговский биылғы алғашқы ойыннан алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ASnews.kz.
«Бұл 2026 жылғы алғашқы халықаралық матчымыз. Жігіттермен көріспегелі көп болды, бәлкім, әзірге өзара түсіністік аздау болар. Небәрі үш тур ойнадық, маусым енді ғана басталды. Келесі ойынға әлдеқайда жақсырақ дайындалып, көп нәрсе сәттірек шығады деп ойлаймын. Қарсыласқа келер болсақ, Намибия футболшылары физикалық тұрғыда қатты ерекшеленеді», – деп атап өтті қорғаушы.
Сондай-ақ футболшы ұлттық құрама сапындағы нәтижелілігі мен жақындарының қолдауы туралы сұраққа жауап берді:
«Құрамадағы алтыншы голым? Өте мақтан тұтамын, бұдан былай да жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамын. Барлығы Құдайдың қалауымен: физикалық тұрғыда дайынмын, жарақаттар да айналып өтіп жатыр. Құрама сапында өнер көрсетуге әрқашан қуаныштымын. Отбасым мені қолдайды, матчтарға келіп тұрады – бұл мен үшін қосымша мотивация. Дегенмен, ұлыма көбірек хоккей ұнайды (күледі)», — деп қосты Вороговский.
Қазақстан құрамасы өз алаңында өтіп жатқан FIFA Series турнирін Намибия командасын 2:0 есебімен сенімді түрде жеңуден бастады. Матч 25 наурызда «Астана Арена» стадионында өтті.
Ян Вороговский 12-минутта стандартты жағдайдан кейін қарсылас айып алаңының маңында қайтқан допқа бірінші жетіп, қазақстандықтарды алға шығарды. Ал 79-минутта бұрыштамадан асырылған допты баспен дәл бағыттаған «Астананың» тағы бір қорғаушысы Әлібек Қасым ойынның нүктесін қойды.
Талғат Байсуфиновтің шәкірттері келесі матчын 31 наурызда Комор аралдары құрамасына қарсы өткізеді (бастапқыда жарысқа қатысуды жоспарлаған Кувейт құрамасы бұл додадан бас тартты).
Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің көмекшісі Елдос Ахметов футболшылардың бабы туралы пікір білдірді.
Тағы да оқыңыз
Басты жаңалықтар
Намибия қақпасына гол соққан Вороговский: Комор аралдарымен өтетін ойынға жақсырақ дайындаламыз
1Ұлттық құрама бапкері – Мрынскийдің дебюті жайлы: командамыздың болашақ беткеұстар ойыншысы
2«Ахмат» ардагері Самородов туралы: осындай серпілістен кейін Еуропаға кетуі мүмкін
3Турнирлік кесте
Астана
Ордабасы
Оқжетпес
Қайрат
Елімай
Қызылжар
Ұлытау
Ертіс
Атырау
Ақтөбе
Алтай
Жеңіс
Қайсар
Жетісу
Каспий
Тобыл
Арсенал
Манчестер Сити
Манчестер Юнайтед
Астон Вилла
Ливерпуль
Челси
Брентфорд
Эвертон
Фулхэм
Брайтон
Сандерленд
Ньюкасл Юнайтед
Борнмут
Кристал Пэлас
Лидс
Ноттингем Форест
Тоттенхэм
Вест Хэм
Бёрнли
Вулверхэмптон
Барселона
Реал Мадрид
Вильярреал
Атлетико Мадрид
Бетис
Сельта
Реал Сосьедад
Хетафе
Атлетик Бильбао
Осасуна
Эспаньол
Валенсия
Жирона
Райо Вальекано
Севилья
Алавес
Эльче
Мальорка
Леванте
Реал Овьедо
Бавария
Боруссия Дортмунд
Штутгарт
РБ Лейпциг
Хоффенхайм
Байер 04
Айнтрахт Франкфурт
Фрайбург
Унион Берлин
Аугсбург
Майнц
Гамбург
Боруссия М
Вердер
Кёльн
Санкт-Паули
Вольфсбург
Хейденхайм
Интер Милан
Милан
Наполи
Комо
Ювентус
Рома
Аталанта
Лацио
Болонья
Сассуоло
Удинезе
Парма
Дженоа
Торино
Кальяри
Фиорентина
Кремонезе
Лечче
Верона
Пиза
ПСЖ
Ланс
Марсель
Лион
Лилль
Монако
Ренн
Страсбур
Тулуза
Лорьян
Брест
Анже
Париж
Гавр
Ницца
Осер
Нант
Метц
Әлім Динасылов