ҚФФ-да бас хатшының қызметіне өзгерістер енгізілді
10 ақпан, 14:17

Фото: Футбол үйі
Қазақстан футбол федерациясында (ҚФФ) бас хатшының функцияларын қайта қарау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ASnews.kz.
Бас хатшы – футбол ұйымдарында (ФИФА, УЕФА, ұлттық федерациялар) президенттен кейінгі ең жоғары лауазымды тұлға болып саналады. Ол операциялық басқаруға, қабылданған шешімдердің орындалуына, қауымдастық мүшелерімен қарым-қатынасқа, сондай-ақ коммерциялық қызметке жауап береді.
ҚФФ президенті Марат Омаровтың бастамасымен биылдан бастап бас хатшының бірқатар өкілеттігі федерация басшылығындағы өзге тұлғаларға беріледі. Негізгі функциялардың қатарында қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату, ресми турнирлерді ұйымдастыруға қатысты мәселелер және басқа да міндеттер бар.
Өткен жылдан бері Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметін Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория атқарып келеді.
Ербол Каиров