Матч орталығы
Бауыржан Исламхан – ұлттық құраманың жаңа капитаны туралы: Тағыберген көп нәрсе үйреткен шығар
26 қаңтар, 18:46

Фото: Нұралы Әліп
Жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан ASnews.kz сайтына берген сұхбатында ұлттық құраманың жаңартылған құрамын бағалап, капитандық міндетті өз қолына алған Нұралы Әліптің көшбасшылық қасиеттеріне тоқталды.
– Ұлттық құрамда жаңа есімдер пайда болып жатыр: Анарбеков, Самородов, Кенжебек, Сәтпаев және басқалар. Командаға ұжымды біріктіре алатын тәжірибелі футболшы керек деген пікір бар. Мысалы, сіз немесе Бахтиер Зайнутдинов.
– Бұл жігіттер енді кішкентай емес. Барлығының жанұясы бар, бәрі есейген, жауапкершілігі мол азаматтар. 25–26 жас – футболшы үшін ең қолайлы, нағыз кемеліне жеткен кезең.
Қазір капитандық міндетті Нұралы Әліп атқарып жүр. Менің ойымша, ол бұл міндетті абыроймен атқара алады. Нұралы талай нәрсені көрді, әрі Асхаттың [Тағыбергеннің] оған көп дүние үйреткені анық.
«Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп ұлттық құраманың капитаны атанды. Бұған дейін Қазақстан құрамасының көшбасшысы болған Асхат Тағыберген халықаралық мансабын аяқтағанын болатын.
Әлім Динасылов